Автобусқа бетпердесіз кірсең — 83 мың теңге айыппұл төлейсің

Oinet.kz 10-07-2020 7534

Автобусқа бетпердесіз кірсеңіз, 83 мың теңге айыппұл төлейсіз, бұл туралы Oinet.kz Kolesa.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.
image.png

Бірнеше күн бұрын ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «санитариялық-профилактика шарасын ұйымдастыру және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды. Құжатта қоғамдық көлікте жүру талаптары жайлы да жазылған, бұл таксиге де қатысты.
Талапты елемеген азаматтар ҚР ӘҚБК-нің 425-бабы бойынша жазаланады. Аталған баптың бірінші бөлігінде былай жазылған:
Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық — жеке тұлғаларға 30 АЕК (83 340 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жеке тұлғаларға қандай жағдайда айыппұл салынады:
- жабық ғимараттар мен қоғамдық көлікте бетпердесіз жүргенде;
- қоғамдық орындарда бір метр қашықтық сақтамағанда;
- далада үштен аса адам топтасып не басқа да талаптарды елемей жүргенде

Белгілі жазушы Тоқаевқа ашық хат жолдады
Тоқаев: «Халық мұны жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз деді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу