Ұрланған 610 млрд теңге қайтарылды
23-04-2025
Белгілі кәсіпкер, Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау партияласы Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
“Ассалаумағалейкум, ағайын! Халқым! Көбіңіз алаңдап, хал-жағдайын сұрап жатқан Русланның жағдайы өте жақсы деуге болады. Сауығып келе жатыр, есін жинады. Ота сәтті өтті.
Ең алдымен, ақ халатты абзал жандар – дәрігерлерге алғысымыз шексіз екенін айтқым келеді. Қазақстандағы білікті дәрігерлердің арқасында ота сәтті аяқталды. Руслан әрі қарай дәрігерлердің бақылауында болады.
Жалған ақпараттар мен қауесеттер өте көп тарап жатыр. Бұл жалған ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймын. Осыны таратып жатқан аға-әпкелерге айтарым. Ағайын, бәріміз бір қазақпыз ғой! Жалған ақпарат таратпайық. Бұл әркімнің басында болатын дүние. Сондықтан әркім жалған ақпарат таратпай, құзырлы органдар берген ақпаратын таратса деймін.
Досы ретінде, жан-жақтан келген ағайындары ретінде бәріміз жиналып, осы аурухананың алдындамыз. Бәріміздің де тілеуіміз бір. Сіздер де қалын сұрап, мазасыздана күтіп отырсыздар.
Ағайын, береке-бірлікте болайық! Иә, күдікті ұсталды, қазір тергеу жүріп жатыр. Жалған ақпараттардың таралып жатқанын күдіктінің әйелі де айтып отыр: “Мен оны көрген емеспін, танымаймын, білмеймін” деп жатыр.
Сол адамды жұмыстан шығарғанына байланысты ішінде өкпе-реніші болған. Күдіктінің ондай әрекетке не үшін барғанын құзырлы органдар анықтап, сіздерге нақты ақпарат береді”, – деді Сырымбек Тау.
Айта кетейік, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров Руслан Берденовтің есін жиған соң айтқан алғашқы сөздерін айтты.
Үш оқ жарақатын алған әкім орынбасары операциядан кейін есін жиып келеді.
– Адамдар есін жиғанда көбіне балалары жайлы, басқа дүниелер туралы сұрайды. Ал Руслан Арысбекұлы қайта-қайта: «Маған жұмысқа бару керек», – деп айтып жатты. Тіпті аурухана төсегінде жатқанын да түсінбеді. Бұл оның қандай жан екенін көрсетсе керек, – деді Айдарбек Ходжаназаров Мәжіліс кулуарында журналистерге берген сұхбатында.