ҰҚК-ның төрағасы ауысты

Oinet.kz 16-11-2026

67712fb8-1a46-47c0-bce2-6f1b066f578a.jpg 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ирменов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды,

Марат Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтын, 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын тәмамдаған.

1996-2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызмет лауазымдарында, ал 2000-2025 жылдары басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2025 жылдың қазан айынан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.





Шымкентте екі басқарма басшысы сотталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу