Қозыбаев университетінің ұжымы Президент Жолдауын талқылады

Oinet.kz 05-11-2026

image.png

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдауға арналған жиын өтті. Оған оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, студенттік ұйымдардың жетекшілері мен жастар қатысты. Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі басымдықтар мен алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер назарға алынды.

ӘДІЛХАН ТӨЛЕПБЕРГЕН, М. Қозыбаев атындағы СҚУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі басқарма мүшесі:

– “Бүгін біз студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының ұсынысымен Мемлекет басшысының Жолдауын қарастыруды ұйымдастырдық. Іс-шараға 100-ге тарта адам жиналды”.

Жиынға қатысқан студенттер де Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікір білдірді. Әсіресе, жастардың мемлекеттік басқару саласына араласуына қатысты бастамаларға назар аударып, бұл бағыттағы өзгерістердің маңызын атап өтті.

АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, Қозыбаев университеті студенттік үкіметінің президенті:

– “Жаңа ғана Президент мемлекеттік қызмет этикасын ұсынды. Онда ең басты мәселе – жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Қазіргі уақытта жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығы артып келеді. Мемлекеттік басқару органдарында еңбек етіп жүрген жастардың да үлесі жыл сайын өсуде. Студенттерді мемлекеттік қызметке тарту мақсатында жаңа модель ұсынылды”.

Кездесу қорытындысында университет өкілдері Жолдауда айтылған бастамалар мен тапсырмалардың жүзеге асуына білім ордасының да үлес қосуы маңызды екенін атап өтті. Ұжым білім беру мен ғылым саласындағы жұмыстарды жалғастырып, белгіленген міндеттерді орындауға атсалысуға дайын екенін білдірді.

Прокурор Боқаевтың қорғаушылары нақты дәлелдерге қарсы уәж айта алмай отырғанын мәлімдеді
«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ ТЕМІРЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу