Шымкентте «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті

Oinet.kz 12-10-2026

Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті. 

image.png

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті, адалдық пен жауапкершілікті насихаттауға бағытталды. Еліміздің әр өңірінен келген командалар заңға құрмет пен қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізді.

Республикалық ойынның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң талаптарын сақтау мен адалдық құндылықтарын кеңінен насихаттау. Бұл ретте әзіл мен тапқырлық жастарға қоғамдағы күрделі мәселелерді жеңіл әрі түсінікті тілде жеткізуге мүмкіндік берді. Командалар өнерлері арқылы күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайларды қозғап, заңға бағыну, жауапкершілік таныту, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне назар аударды.

Жастардың шығармашылық алаңында өткен сайыс көрермендерге көңіл күй сыйлаумен қатар, қоғамдық маңызы бар тақырыптарды талқылауға негіз болды. Әсіресе, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда жастардың өз ортасында заң талаптарын түсінуі, өз құқығы мен міндетін білуі маңызды. Осындай іс-шаралар құқықтық тақырыптарды ресми түсіндірумен шектелмей, оларды күнделікті өмірмен байланыстыра жеткізуге ықпал етеді.

«Заңды күлкі» ойынына еліміздің әр өңірінен келген командалар қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар сахнада әзіл мен ұтымды ойды ұштастырып, көрерменге қоғамдағы өзекті мәселелерге өзгеше көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар мұндай республикалық кездесулер жастар арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, олардың қоғамдық бастамаларға белсенді араласуына серпін береді.

Ойын қорытындысы бойынша І орынға Өзбекстаннан келген «Шум болалар» командасы ие болып, 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыны жеңіп алды. Астана қаласының «Ақпен бірге» командасы ІІ орынға тұрақтап, Cornelli брендінен 500 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Ал Талдықорған қаласының «Шапалақ» командасы ІІІ орынды иеленіп, дәл осындай 500 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.

 «Заң мен тәртіп» қағидатын жастар арасында насихаттаудың мұндай тәсілдері құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдағы жауапкершілік ұстанымын нығайтуға бағытталған.

Шымкентте 3,1 млрд теңге айналымы бар екі заңсыз онлайн-казиноның жұмысы тоқтатылды
В Шымкенте пресечена деятельность двух незаконных онлайн-казино с оборотом 3,1 млрд теңге
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу