Шымкентте екі басқарма басшысы сотталды

Тараз қалалық №2 сотының үкімімен Шымкент қаласының екі басқарма басшысы сотталды.
Сот үкімімен Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Абдешов ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков осы бап бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Олармен бірге Алмасбек Бөбеев — 7 жыл 6 айға,
Нұрбол Нұртаев — 8 жылға,
Қасиет Тәшімбетов— 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Олар ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2)-тармағы — аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Нұрбол Нұртаев ҚК-нің 218-бабы 1-бөлігі бойынша да кінәлі деп танылды. Сот Тараз қаласы әкімдігінің 188 720 983 теңге көлеміндегі азаматтық талабын толық қанағаттандырды.
Істің мән-жайы алдағы уақытта белгілі болады.


