Сайрамдағы сыбайластық. 1 млрд теңгенің субсидиясы қалай жымқырылды?

Oinet.kz 30-10-2026

 images.jpg

Түркістан облыстық прокуратурасы өңірде мемлекетті алдау арқылы ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген қаражаттарды заңсыз иелену фактілерін анықтады. Дәлірегі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру кезінде жүйелі заң бұзушылықтар мен 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактілері әшкереленіп отыр.

Атап айтқанда, Сайрам ауданының шаруа қожалықтары жалған мәліметтер мен құжаттарды ұсыну арқылы өндірілген сүт көлемін нақты көрсеткіштерден 8 есеге заңсыз арттырған. Тексеру нәтижесі бойынша субсидияларды жымқырудың 2 фактісі СДТБТ-ға тіркеліп (аса ірі мөлшердегі алаяқтық), сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыстың арнайы прокурорларына тапсырылды.

Қазіргі уақытта 4 күдіктіге қатысты 1 қылмыстық іс аяқталып, бюджетке 40 млн теңге қайтарылды, сондай-ақ күдіктілердің құны 100 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды.  Екінші қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бар-жоғы екі факті бойынша анықталған жымқырулардың көлемі 1 млрд теңгеге жуық. Сонда Сайрамда бюджет қаражатының миллиардтап жымқырылып жатқанын құзырлы органдар, жергілікті әкімдік қалайша білмей қалды? Осы жалған мәліметтердің бәрі уақтысында жоғары жаққа есеп, оң көрсеткіш ретінде берілді емес пе? Енді ол үшін кім жауап береді?

 


Айғағы бар қылмыс қалай қысқарды?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу