Ханзада Уильям Қазақстанның киік санын көбейтудегі жетістігін атап өтті
Ұлыбритания ханзадасы Уильям Қазақстанда киік популяциясын сақтап, санын арттыру бағытында атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Ол бұл пікірін 23 қазанда BBC арнасынан көрсетілген Грэм Нортонның The Graham Norton Show бағдарламасына қатысқан кезде білдірді.

Бағдарлама барысында Қазақстандағы киіктердің жағдайы сөз болып, ханзада бұрын жойылып кету қаупі төнген жануарлар қатарына енген киіктер санының кейінгі жылдары едәуір артқанын айтты. Оның пікірінше, бұған Қазақстан үкіметінің жануарларды қорғауға басымдық беріп, олардың табиғи ортада сақталуына назар аударуы ықпал еткен.
«Бұл киіктер бір кездері жойылып кету қаупі аса жоғары жануарлардың қатарына кірген. Ал қазір олардың саны қайтадан күрт көбейді. Бұған Қазақстан үкіметінің осы жануардың ел үшін де, табиғатты қорғау ісі үшін де қаншалықты маңызды екенін түсініп, оны сақтауға бар күшін салуы себеп болды», – деді ханзада Уильям.
2026 жылғы көктемгі санақ қорытындысында ел аумағындағы киік саны 4 миллион 689 мың басқа жеткен.



