Түркістан облысында оқушы қыз 20 жастағы жігітті өлтірген

Oinet.kz 24-11-2026

images (1).jpg 

Түркістан облысының Ленгір қаласында 20 жастағы жігітті өлтіріп, мәйітін өртеген 15 жастағы мектеп оқушысына сот үкімі шықты. Бұл туралы zhasalash.kz порталы хабарлады.

Марқұмның денесі мамыр айында қараусыз қалған ғимараттан табылған. Осы оқиғадан кейін тоғызыншы сынып оқушысы күдікті ретінде ұсталған. Тергеу мәліметінше, қыз қылмысты алдын ала жоспарлап, одан бір күн бұрын пышақ сатып алған. Кейін жігітті кездесуге шақырып, кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан.

Жігіт көз жұмған соң, мектеп оқушысы сіріңке мен еріткіш сатып алып, оқиға орнына қайта оралған. Содан кейін марқұмның денесін өртеген. Сараптама нәтижесінде күйік дене аумағының шамамен үштен бір бөлігін қамтығаны анықталған.

Сот отырысында қыз жігіт өзін зорламақ болғанын айтқан. Алайда сот өкілдерінің мәліметінше, бұл нұсқа дәлелін таппаған.

Сот оны қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Жасөспірім жазасын кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

 


Көкірекбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу