«Тым созылып кетті»: Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысына ескерту жасады

Oinet.kz 28-10-2025 44

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов  "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасына 16 минуттық баяндамасынан кейін ескерту жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_4.jpg

"Баяндамаңыз тым созылып кетті ғой. Қысқа да нұсқа баяндау керек. Уақытты үнемдейік", - деді Бектенов.

Бүгін Үкіметтің күн тәртібі - электроэнергетика саласын дамыту және цифрландыру мәселелері.

Қайрат Мақсұтов — "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы. Ол "Самұрық-Қазына" қорының құрылымына кіретін Қазақстандағы ең ірі энергия өндіруші компанияны басқарады.

Қазақстандықтарды алаяқтардан ешқандай заң қорғай алмайды – Жасанды интеллект және цифрлық даму мини
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу