Астанада ҰҚК қызметкерінің денесі табылды
22-04-2025
Батыс Қазақстан облысында көлік оқиғасыынан екі жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 сәуір күні сағат 11:00 шамасында Бәйтерек ауданы аумағындағы Переметное - Белес тас жолында орын алған. Jac N56 және ВАЗ-2110 автокөліктері соқтығысқан.
“Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушылары оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл көлікте 2008 және 2010 жылы туған жасөспірімдер болған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр. Полиция департаменті марқұмдардың отбасына қайғыра көңіл айтады және ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажеттігін ескертеді”, - делінген ведомство хабарламасында.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаза болғандардың екеуі де мектеп оқушылары болған. Біреуі – 15 жаста, екіншісі – 13 жаста.