«Қожайыны – әйел» компанияларды көбейтпек
23-04-2025
Украина Президенті Владимир Зеленский 23 сәуірдегі Украинадағы «берік бейбітшілікке» қол жеткізу жөніндегі келіссөздерге АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Украина қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Владимир Зеленский Украинадағы атысты тоқтату мәселесіне арналған халықаралық кездесудің өтетінін жариялады. Кездесу Лондон қаласында өтеді. «Украина, Ұлыбритания, Франция және АҚШ – біз барынша конструктивті түрде алға жылжуға дайынбыз», –деп жазды Зеленский өзінің әлеуметтік парақшасында. Алдағы келіссөздердің мақсаты – «шартсыз атысты тоқтату және оның артынан нақты әрі тұрақты бейбітшілікті орнату». Сонымен қатар, Украина Президенті алдағы саммитті Ұлыбритания премьер-министрі Керри Стармермен талқылағанын айтты.
Владимир Зеленский бұған дейін тұрақты бейбітшілік жолындағы алғашқы қадам ретінде Киевтің азаматтық инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету бойынша диалогқа дайын екенін мәлімдеген болатын. Ол өзінің Telegram-каналында: «Пасха мерекесінде әуе шабуылының сиреналары болған жоқ, ал майданның кейбір аудандарында тыныштық болды. Демек, мүмкін – Ресей кісі өлтіру санын азайтқалы жатқанда мүмкін. Соған қарамастан, Украина өз ұсынысын – ең болмағанда азаматтық инфрақұрылымға соққы бермеу туралы ұсынысын сақтап отыр. Біз Мәскеуден нақты жауап күтеміз», – деп жазды.
Зеленский Украинаның «мұны қамтамасыз ету үшін кез келген диалогқа дайын» деп түсіндірді. «Айқын, қарапайым және сенімді жол бар: зымыран соққылары мен алыс қашықтықтағы ұшқышсыз ұшақтардың шабуылдарын тоқтату – бұл барлық азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігіне автоматты түрде кепілдік береді. Дәл осы атысты тоқтату – нақты, тұрақты – бұл ұзақ және берік бейбітшіліктің алғашқы қадамы болуы керек», деді Президент. Оның айтуынша, Украина өкілдерінің Парижде өткен кездесулердегі және осы аптада Лондонда өтетін кездесулердегі басты міндет шартсыз атысты тоқтатуға қол жеткізу болмақ.
Айта кетейік, Зеленский бұған дейін Мәскеуге 30 күн бойы азаматтық инфрақұрылымға ұзақ қашықтықтағы ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандық соққылардан бас тартуды ұсынған болатын.