Қымбатшылық қыса бастады

Oinet.kz 23-04-2025 32

АҚШ-та жарияланған Пердью зерттеу университетінің нәтижесі азық-түлік бағасының өсуі америкалықтардың өмір сүру әдетін өзгертетінін аңғартады. 

Screenshot_7.jpg

Зерттеуге қарағанда америкалықтардың жартысына жуығы үнемшілдікке көшпек. Тіпті өз үйлерінің ауласына бақша дақылдарын егуге ниетті.

Пердью университеті жүргізген зерттеу нәтижесіне сай соңғы 2-3 айда Америкадағы әрбір 5-ші отбасы азық-түлік сатып алуға қиналатын көрінеді. Ал 27%-ның тіпті ақшасы жетпей, қарыз алуға мәжбүр екен, деп хабарлайды 24kz.   Пердью университеті азық-түлікке сұраныс пен тұрақтылықты талдау орталығының директоры Джо Балагтас көп отбасы шығынды азайту үшін түрлі айла-тәсілге көшкенін, халықтың 30%-ы тиімді ұсыныс пен жеңілдіктерді іздесе, 26%-ы азық-түліктің бұрынғыдай қымбатын емес, ең арзанын сатып алғанды жөн көретінін айтады. «Дүкен сөрелеріндегі бағаның шарықтауына Дональд Трамптың импорттық баж салығын көтеруі себеп. Осының салдарынан АҚШ-қа сырттан келетін өнімнің құны еселеп қымбаттаған. Тиісінше, бұл қарапайым халықтың қалтасына салмақ салып отыр», дейді орталық директоры.  Көп көкөністің түрі Мексикадан келеді. Сондай-ақ цитрустық жемістер де импортталады. Жоғары баж салықтарының енгізілуі халықтың шығынын көбейтетіні анық. Орталық жүргізген сауалнамаға қатысушылар Америкадағы өмір бұрынғыдай емес, қымбатшылық жайлап бара жатқанын, экономикалық өсім баяуласа, жағдай тіпті қиындайтынын айтқан. «Елдің солтүстік аймағында тұратындар күн жылына бастағанда бау-бақша дақылдарын егуге кіріспек. Сауалнамаға қатысқандардың 44%-ы осылай деп жауап берді. Олардың 82%-ы жеміс-жидек мен көкөніс өсіруді қолға алмақ.  Ал сарапшылар Дональд Трамптың тарифке қатысты текетіресінен қауіптенеді. Бұл сауда тартысы қай уақытқа дейін созылатыны белгісіз. Сондықтан алда баға қалай өзгеретінін дөп басып айта алмаймыз», – дейді Джо Балагтас. 

Айта кетелік, АҚШ доллары арзандай бастады. Есесіне еуро күшейіп келеді. Ал АҚШ валютасының еуроға қатысты бағамы кейінгі 3 жылда болмаған көрсеткішке дейін төмендеді. Дональд Трам тарифтерді көтергеннен кейін әлемде америкалық активтерге деген сенім азая бастаған. Алтын бағасы да шарықтап кетті. Өйткені инвесторлар АҚШ экономикасы рецессияға ұшыраған жағдайда құнды металды сенімді актив ретінде қолдануға болатынын айтады. Өйткені алтын қашанда құнын жоғалтпайды.

Өзбекстанда тұрғыңыз келсе...
«Қожайыны – әйел» компанияларды көбейтпек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу