Белгілі жазушы Тоқаевқа ашық хат жолдады

Oinet.kz 10-07-2020 2937

Мұхтар Шахановтың қазіргі ахуалына алаңдап отырған ақынның орынбасары Құдияр Біләл Тоқаевқа ашық хат жазды, деп  хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

Қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Әлеуметтік желі бетінде хабарланғанындай, қазақтың бір туар дара перзенті Мұхтар Шаханов Өзіңіз алаңдаушылық танытып отырған өкпе қабынуы ауруына шалдығып, Алматы қаласындағы "Қалқаман" ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Ауырғанына бір жұмадан асты. Емдеу шаралары әлі күнге дейін оң нәтиже бере қойған жоқ. Аурухана әкімшілігі М. Шахановты ауруға шалдыққан көп адамның бірі ретінде ғана қабылдауда.

Ал М. Шаханов, Өзіңіз білетіндей, КСРО кезінен бастап тәуелсіздік алуымыз үшін қызмет еткен санаулы тұлғаның бірі. Рас, жоғары билік шешімдерінің бәріне бірдей бас шұлғи бермейді. Бірақ Сіздің ұлттық мәселелерге қатысты шешімдеріңізді жоғары бағалайды. Өзіңіз Президенттікке сайлауға түскен кезіңізде де Сізге ашық түрде қолдау білдіріп, ұлт зиялыларын Сіздің төңірегіңізде жиналуға шақырған болатын. М. Шаханов сол ниетінен бір сәтке де айныған жоқ.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақ халқы ерекше құрметтейтін М.Шахановтың ауруханада бір аптадан бері елеусіз ем қабылап жатуы, көпшілікке әртүрлі ой салуда. Оларда: "Мемлекет қазақ ұлтының мәртебесін, рухани құндылықтарын асқақтату тұрғысында бар өмірін сарп еткен М. Шаханов сияқты ұлттық тұлғалар денсаулығына неге назар аудармайды?", - деген алаңдаушылық бар.

Мұндай халық алаңдаушылығын өз мүдделеріне пайдаланғысы келіп жүрген күштер де аз емес. Соған орай Сізден М. Шахановтың денсаулығына мемлекеттік тұрғыда назар аударуыңызды сұраймыз.

Өзіңізге деген құрметпен,

М. Шахановтың орынбасары, жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері

Құдияр БІЛӘЛ

Бескемпіров қайтыс болды
Автобусқа бетпердесіз кірсең — 83 мың теңге айыппұл төлейсің
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу