Бескемпіров қайтыс болды

Oinet.kz 10-07-2020 2866

Серікжан Бескемпіров 1960 жылы 1 қаңтарда туған, отабысылы, екі баласы бар.

image.png

Талдықорғанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды.

Серікжан Ислямұлы 60 жаста еді. Ол өңірдің ауыл шаруашылығына жауап беретін.

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Іслямұлы екі өкпенің қабынуынан мезгілсіз көз жұмды. Марқұмның туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, - деп жазды facebook-те өңір әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Серікжан Бескемпіров 1960 жылы 1 қаңтарда туған, отабысылы, екі баласы бар.

Әр жылдары Үштөбе ет комбинатының аға мастері, механигі, "Темірлан" ЖШС директоры болып жұмыс істеген. Талдықорған әкімі аппаратының бөлім бастығы, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Қаратал ауданының әкімі, Текелі әкімі болған. Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін 2012 жылдың маусымынан бері атқарып келген.

Бүгін таңертең Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов те қайтыс болды.

ХҚКО-да өз кезегін күтіп тұрған әйел босанды (видео)
Белгілі жазушы Тоқаевқа ашық хат жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу