Қазақстанның ешбір державаға тәуелді болмауын Франция қолдайды – Макрон

Oinet.kz 01-11-2023 721

Ақордада Эммануэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Францияның Қазақстанмен достығының маңыздылығын атап, ешқандай елге тәуелді болмайтын ел ретінде қолдайтынын алға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет ашық дереккөзден

"Әртүрлі факторлардың сіздерге тигізетін қысымына ешбір жағдайда баға бермеймін. Франция біздің достығымызды жоғары бағалайды. Біз қарым-қатынасымызды нығайтып келеміз. Сіздердің ешбір державаға тәуелді болмауыңыз бен халқыңызға қызмет ету үшін әртүрлі елдермен қарым-қатынас жасау стратегиясын Францияға қолдайды", - деді Макрон.

Макрон Францияның да достар таңдауды ұнататынын атап өтті.

"Біз оларды әрқашан құрметтейміз. Қажет кезде олардың жағындамыз. Тәуелсіздігін құрметтейміз. Егер жоғарыдан қарағысы келетін державалар болса, философиялық тұрғыдан, қолдайтын жақсы достардың болуы өте маңызды", – деді Франция президенті.

Израиль мен Сирия: Қазақстан әскерін Голан жоталарына жіберу жоспарлануда
«Оның арқасында басқа кеншілер шахтадан шығып үлгерді»: Шахтада қаза тапқан кеншінің туыстары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу