«Маған жиіркенішті болды»: Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қыздарға интимді хат жазғаны рас па?

Oinet.kz 14-04-2025 365

Қыздарға интимдік хаттар жазды деп басы дауға қалған белгілі әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов сұқбат берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_14.jpg

«Шыны керек, мен білмейді екенмін. Менде ондай хаттар жоқ. Талай көрдік, ақтардық. Бұрын ондай жағдай болса, болған жоқ. Бірақ кейін «ондайды кімге жазып қойып едім» деп қараған кезде ондай қыз да, хат та жоқ болып шықты. Былай айтқанда, үлкен аяқтан шалу болды десем де болады. Өйткені ондай қызды танымаймын, ондай қызбен кездеспегенмін де», — деп түсіндірді Олжас Еспанов.

Сондай-ақ, ол хатты әлеуметтік желіге кімнің жариялағаны туралы да айтты.

«Кім салды екен деп зерттеп қарадым. Алғаш тикток желісіне салынды, сосын Айсұлу деген бір қыз салды. Қарасам, контент жүргізіп жүрген Айсұлу деген бір қыз. Тикток аккаунтында оқырманы көп, инстаграм аккаунтын белгілеп қойған екен. Бірақ ол жабық парақша екен. Қарасам, арамызда ешқандай диалог болмаған. Кейін маған дайректке жазып, «ол ешқандай Айсұлу емес, Башқортстанның қызы, Александар деген қызы» деді. Ол Айсұлу болып солай контент жүргізіп жүр екен. «Не үшін жасадың» деп жаздым. Бірақ диалогқа келмеді, қыздың жазғаны маған жиіркенішті болды. Содан тыныштық керек деп бұғаттап тастадым. Бірақ кейін оның ешқандай Айсұлу емес екенін білдім. Ол Александра деген қыз Айсұлу болып бір адамның өмірін құртты десем де болады», — деп түсіндірді әйгілі әншінің ұлы.

«Күйеуімнен сенің әкең үшін ажырасқан жоқпын»: Әнару Құрманалиеваның адвокаты мәлімдеме жасады
«Майды қуырған кезде»: Белгілі блогер жүктілік кезінде әйелі емес өзі токсикозбен қиналғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу