«Майды қуырған кезде»: Белгілі блогер жүктілік кезінде әйелі емес өзі токсикозбен қиналғанын айтты

Oinet.kz 14-04-2025 319

Әлеуметтік желіде белгілі ерлі-зайыпты Шалғын мен Ұлпан "Тату-тәтті" бағдарламасына қонақ болып барып, қызықты оқиғасымен бөлісті деп хабарлайды, Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_16.jpg

Шалғынның айтуынша, әйелі Ұлпан жүкті болған кезде, 9 ай бойы өзі токсикоз диагнозымен ауырғанын айтты. 

“Майды қуырған кезде, әйелім емес, мен лоқсып кететін едім. 4 айлық болған кезінде жерік тамағыңды айтшы, алып берейін десем, әйелім де түк жеріктік жоқ. Керісінше, мен түннің бір уақытында ащы тамақ жегім келетін. Содан барлық тексерістен өтіп, анализдер тапсырдық. Бәрі таза. Корей ұлтының бір дәрігері бар еді. Соған бардық. Ол кісі бетіме қарап күлді де, сізде токсикоз деді”, - деді ол.

«Маған жиіркенішті болды»: Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қыздарға интимді хат жазғаны рас па?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу