«Күйеуімнен сенің әкең үшін ажырасқан жоқпын»: Әнару Құрманалиеваның адвокаты мәлімдеме жасады
Құқық қорғаушы Ләззат Ахатова танымал боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманалиевамен байланысын үзгенін жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Ахатованың сөзінше, жәбірленуші тараптың әрекеттері оны шындықты айтуға итермелеген.
“Ең басты айтарым – зорлық орын алған! Тұраровтың қолдаушылары барлық органда болғандықтан, біраз жылдан бері есірткіге тәуелді екенін отбасы да, араласатын адамдар да білетіні анық. Бірақ біздің елде барлық адамға қатысты ондай қылмыстар ашыла бермейтінін білесіздер. “Дикий Арманның” командасында болған спортшының көкелері оған қатысты қылмыстың ашылмауына мүдделі. Оған көзіміз әбден жетті”, – деп жазды авдокат.
Одан кейін қорғауындағы азаматша Әнаруға қатысты да біраз былықтың бетін ашты.
“Ал жәбірленушіге келсек.. Жақсылықты бағалай алмайтын, өзіне керек кезде ғана жақсы сөйлеп, өз қателігін өлсе түсінбейтін, тек өзгелерді кінәлауға, каприздері орындалмаса, манипуляция жасауға бейім эгоист екен, қазіргі жастар.. Соны ұқтым. Адвокат қана емес, психолог, “няня” да боп кетіппін. Олай жасауға міндетті болмасам да. Сонда да мамандығыма адал болдым. Қысқарған істі жанымды салып, бұздыртып, тергеуге бүкіл талабымызды орындаттық. Әкесі шаршап, келісім шарттың барлығын бұзып, тоқтатам деді. Клиент бас тартса, біз ары қарай істі жүргізе алмаймыз. Жеңуге негіз болатын бүкіл құжатын дайындап бердім, шайнап бергенді жұта алатын шығар, енді..”, – деп жазды құқық қорғаушы.
Сонымен қатар адвокат өзінің парақшасына Әнаруға жазған хаттарын да жариялады.
"Әнару! Бекзат Саттархан мен әкең екеуімен өткенде кездесіп, шәй ішкенбіз. Сенің мен туралы әкеңе айтқан сөздеріңді де, әкеңе жазғандарыңды да көрсетті. Мен адвокатпын, психолог немесе нянька емеспін. Осы уақытқа дейін қызымдай көріп, жаным ауырып, шырылдап жүргенімді басқаша түсінген екенсіңдер, бәрің. Әкеңді өмірімде көргенім 4 рет шығар, сенің ісіңе қатысты. Жас кезімде ән арнаса арнаған шығар. Мен анамның жанында жүрген кәмелетке толмаған бала едім, ол кезде. Неше түрлі әңгіме шығарып, ақырында типа мен күйеуімнен сенің әкең үшін ажырасқан деген әңгімені неүшін шығардыңдар?! Басқа басқа, дәл сол кісі үшін, еркек үшін ажыраспағаным 100% емес, 200%! Мені тексеріп, Жанқош үйтіп айтты, бүйтіп айтты, адвокаттарың маған сатылған деп айтты деп, сен үшін сонша шырылдап, елдің алдында арыңды арашалап жүргенде айтқаныңнан соң, сенен менің көңілім мүлде қалған, ренжіме.." Қалған көңіл - шыққан жан" деген. Сонда да сені, ісіңді тастаған жоқпын. Соңына дейін күрестік, айқайластық, жанжалдастық, оны өзің де білесің. Соңғы кездесуде әкең "іске енді араласпай-ақ қой, мен сені адвокат ретінде келісім жасадым, енді бәрінен бас тартам. Өйткені қызымнан шаршадым, сол қыз үшін ауру боп тындым. Жанқошты бір Аллаға тапсырдым, қыз өсіріп отыр ғой, Алла алдына келтіреді. Өйткені полицияда да, прокуратурада да көкелері көп, олар істі тағы қысқартатынын маған анық айтты. Осы уақытқа дейін қандай екеніне қарамай, қызымжы жаныңды салып қорғадың. Ел алдында аппақ етіп шығардың. Адами міндетіңді де, кәсіби міндетіңді де асыра орындадың. Біз разымыз, мен өмір бойы разы боп өтем. Балаларыңның қызығын көр. Бірақ мына істі тоқтатайық. Не шешім қабылдаса, қабылдасын, арыз берген өзі ме, Әнару өз ісі үшін өзі жауап берсін. Онсыз да не сенің, не менің еңбегімді бағалап жатқаны шамалы. Қит етсе, міндет, манипуляция. Маған айтпаған сөзі жоқ" деді.
Әнару! Мен осы уақытқа дейін сенің ақымақтықтарыңа көз жұмып келдім. Отбасылық проблемаларыңа мен араласпаймын. Сенің бір ғана ісіңде қорғаушымын. Ол іс бойынша барлық талаптарымызды орындаттық.
Арызды кеш бергеніңе, барлық жерде айқай шығарып, Клара мен Жанқоштың парақшасын аңдып отыратыныңа мен кінәлі емеспін. Аналық, әпкелік ақылмен жай сөзбен қанша рет түсіндірдім, "қателігіңнен сабақ алып, есіңді жина. Өз өміріңді сүр, қайта-қайта ерніңді ісіріп, эфирге шыға бергенді тоқтат. Әлі жассың. Ал Жанқош пен Клараны бір Аллаға тапсыр! Алла сөзсіз әркімнің әрекеті үшін кез-келген қиянатын алдарына келтіреді», - деп айтқанымызды қыстырған да жоқсың ғой. Білгеніңді істеп жүрдің. Қит етсе, "журналистерді шулатам, кім екеніңді елге айтам" леп, әкеңе шантаж жасайтынына не дейсің? "Фамилияңнан бас тартам" деп. Арасына мені де қосады екенсің. Әрнәрсені оттап. Айнұрдың жақсылығын да арамдыққа жорып, не айтпадың?! Не оймен, не мақсатпен елдің бәріне күйе жағып біттің? Сенен басқамыздың бәріміз арам боп, біттік қой. Енді сенің өмірі бітпейтін жырыңнан шаршадым. Өмір бойы сенің қорғаушың боп өтем деген міндеттеме алған жоқпын. Іс үшін жасаған келісімді әкең бұзам деді. Өзің айтқандай 7 жыл өміріңді қор қылса, менің оған қатысым жоқ.
Ал ана жақтың адвокатының сенің үстіңнен жала жапты деп арыз береміз дегенінен түк шықпайды. Өйткені әркімнің өз шындығы бар. Есірткі (Жанқоштың) қолданатыны жайлы әйелі де, таныстары да түгел біледі. Сен тергеуде аттарын атадың. Тергеу ол қылмысты ашуға ешқандай әрекет жасамады. Ол бір. Одан кейін сараптамада дене жарақаттарың бары дәлелденді. Екінші сараптамада Тұраров екеуің арадағы жыныстық кейін сараптамада дене жарақаттарың бары дәлелденді. Екінші сараптамада Тұраров екеуің арадағы жыныстық қатынас болғаны да дәлелденді. 120-баппен сотқа жіберсе, үкім шығу керек, іс бойынша. Полиция да, прокуратура да сол үшін сотқа әдейі жібермей отыр. Менің сенен қанша көңілім қалса да, әлі де саған жаным ашып, барлық кеңесімді айттым. Жоғары білімді адамсың. Ағаң бар, інілерің бар, әкең бар, туыстарың бар. Өзіңді өзің қорғай алуға шамаң келетін шығар. Маған өткізіп қойған міндеттерің жоқ шығар?! Енді мазаламаңдаршы!", - деп жазған Л.Ахатова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram