«Біресе күйеуіме, біресе Айжанға қарай бердім»: Айжан Байзақова енесі мен күйеуінен сұхбат алды

Oinet.kz 11-04-2025 1153

Блогер Айжан Байзақова жұбайы Нұрбек пен енесі Жаннадан сұхбат алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_14.jpg

Блогерге әлеуметтік желідегі оқырмандары оған енесі мен күйеуі туралы көп сұрақ қоятын көрінеді. Сондықтан ол енесін подкастқа шақырып, жанына күйеуін алып, әңгіме құрған. Бұл оқырмандары үшін эксклюзив сұхбат болды. 

«Бәріңізге сәлем! Бұл – біздің алғашқы подкастымыз және бұл көбіне оқырмандарымыздың сұрауы бойынша жазып жатқан әңгімеміз. Сондықтан, бүгін біз оқырмандардың сұрағына жауап береміз», - деген Байзақова алғашқы сұрақты енесіне қойды.

Байзақова бұл сұрақ оқырмандарын қызықтырып отырған №1 мәселе екенін айтып, қолына телефонын алды да «келініңіз атышулы Байзақова, яғни, бұрынғы Байзақова болады дегенде қандай күйде болдыңыз?» деген сұрақты оқып берді.

Оның енесі Жанна есімді келіншек Айжан туралы қашан және кімнен естіп-білгенін және ұлы екеуінің арасында махаббат барын естігенде, қатты қорыққанын жасырмады.

«Менің жолдасым, Нұрбектің әкесі бірінші білген екен. Ол маған Айжан туралы айтып, «екеуінің арасында бірдеме бар» деген күдігін айтты. Мен бірден Нұрбекке телефон соқтым. Ол маған «біз жай ғана доспыз» деді. Мен сол сөзіне сендім де «жай ғана дос» екен дедім. Күйеуім сенген жоқ. Сосын, Байзақова деген фамилия ойымнан кетпей, интернеттен қарап, есеңгіреп қалдым. Күйеуім не дер екен деп қатты қорықтым. Сол кезде Нұрбек хабарласып, сені ұнататынын айтты. Не істерімді білмей, уайымдадым», - дейді ол.

Оның айтуынша, ол Айжан Байзақова туралы ақпарат іздеген сайын «әкесі қарсы болатын шығар» деп ойлаған екен. Бірақ, үш қызы (Айжан Байзақованың үш қайын сіңілісі – ред.) анасына ақыл айтып, «Айжан өмірде басқа адам шығар» деп тыныштандырған. Ақыры, оның айтуынша, ақылдаса келе күйеуі екеуі Айжанмен танысайық деген шешім қабылдапты.

«Күйеуім «жақсы, ұлым, ертіп кел, танысайық» деді. Мен қатты уайымдадым. Сөйтсем, ана жақта Айжан да уайымнан өлейін деп отырыпты. Әйтеуір келіп, таныстық. Басында бәріміз әрине қобалжып отырдық. Сосын, арамызда әңгіме басталып, сөйлестік. Мен біресе күйеуіме, біресе Айжанға қарай бердім. Айжанға қарасам, ол Нұрбекке қарап, жалтақтап отыр екен. Нұрбек те оған ғашық көзімен қарап отыр. Күйеуім кішкене ашылып, сөйлесіп, сұрақ қоя бастады. Не дейін, әрине, танысқан сәтте көп нәрсе айтылды, тіпті бір сәтте бәріміз жылап жібердік. Күйеуімнің көзінен де жас шықты. Соңында күйеуім маған «Жанна, орамалыңды әкел, болды, мына қыз енді біздің келін» деді. Және Айжанға «осы уақытқа дейін саған кім не дегенін білмеймін, бірақ енді сен туралы біреу жаман сөз айтса, ол адаммен байланысымызды үземіз. Енді сен біздің келінсің, біздің қызымызсың. Сондықтан, сен үшін біз жауаптымыз» деді. Сол сөзді естігенде ғана жүрегім орнына түсіп, қуандым», - дейді Байзақованың енесі.

Жалпы, оның айтуынша, Айжан әлеуметтік желіде мүлде басқа адам, ал отбасында, шынайы өмірде мүлде басқа адам. Қайын сіңілілері Айжанды қатты жақсы көреді және сы"лайды дейді. Ал подкастқа келген Нұрбек Арыстан оның таңдауына қарсы шықпай, түсінген ата-анасына алғыс айтып, эфирде анасының қолын сүйді.  

Димаш Құдайберген жағымды жаңалық айтып, жанкүйерлерін қуантты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу