Димаш Құдайберген жағымды жаңалық айтып, жанкүйерлерін қуантты

Oinet.kz 11-04-2025 228

Димаш Құдайберген 10 сәуірде жанкүйерлерін жағымды жаңалықпен қуантты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_11.jpg

 Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

— Менің туған күніме орай, 26 мамырда Almaty Arena стадионында «Stranger» концертінің кинотеатрларға шығуына орай ұйымдастырылатын «D and Dears» атты фан-кездесу өтеді. Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар, — деп жазды Димаш.

Ал 27 мамырдан бастап Астанада өткен «Stranger» шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі.

— Келесі аптадан бастап фан-кездесу билеттері Ticketon сайтына шығады. Кездескенше! Сіздерді ерекше жақсы көремін, — деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

«Бес қыз жіберді»: Жасөспірімдерді жыныстық саудаға тартты деген Ван Дамм мәлімдеме жасады
«Біресе күйеуіме, біресе Айжанға қарай бердім»: Айжан Байзақова енесі мен күйеуінен сұхбат алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу