Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті

Oinet.kz 22-04-2025 491

2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

Оқиға салдарынан қала әкімінің орынбасары жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Полиция департаментінің мәліметінш, аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, Руслан Берденов Шымкенттегі мемлекеттік қызметіне биыл ақпан айында кіріскен болатын. 

«Лайк» баспағандарға ескерту: Орталық басшысы тәртіптік жауапқа тартылды
«Аурухана төсегінде жатқанын да түсінбеді»: Руслан Берденовтің жағдайы жақсарып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу