9 млрд доллар инвестиция тартылды
16-04-2025
Түркістан қаласы – еліміздің стратегиялық маңызды мәдени орталықтарының бірі. Соңғы жылдары Түркістан халықаралық деңгейде танылып, түрлі мәдени, саяси, және экономикалық шаралардың орталығы болып отыр.
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Түркіменстанның Халк маслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхаметовті Түркістан қаласының әуежайынан күтіп алып, бейресми кездесу барысында өңірдегі бірнеше нысандарды аралаған болатын.
Атап айтсақ, Президент Түркістанда мәртебелі мейманын күтіп алған соң, «Этноауыл» кешеніне барды.
Одан соң Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді. Шығыс базарын да аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты. Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәстүрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов тазы мен қыран құстарды да тамашалады.
Бұл оқиға екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуы мен мәдени байланыстардың нығаюына жаңа серпін берді десек болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедовтің Түркістандағы бейресми кездесуі – екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастауға арналған маңызды қадам. Бұл кездесудің нәтижесінде достық қарым-қатынастар, мәдени байланыстар, және экономикалық әріптестік нығайып, Қазақстан мен Түрікменстанның арасында тұрақтылық пен дамуға жол ашатын жаңа мүмкіндіктер.
Түркістан – тек Қазақстанның мәдени астанасы ғана емес, сондай-ақ, Түрікменстаннан да бөлек, өзге де бауырлас елдердің арасында ынтымақтастықтың символы болып, түркі әлемінің келіссөз орталығына айналады деп сенеміз.