Серік Сәпиев пен орынбасарының дауласқан видеосы тарады

Oinet.kz 23-01-2026 51

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жұмыс уақытысында орынбасарымен жаға жыртысып, жарақат алғанын хабарлап едік. Енді желілерде екеуінің арасында болған жанжалдың видеосы тарады деп хабарайлы Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg


Qrnews.kz  сайтына сүйенсек, спорт саласының басшылары арасында жанжал 21 қаңтар күні кешкісін Қарағанды қаласының Бұқар жырау даңғылы бойында болған. Бокстан Олимпиада чемпионы орынбасары, самбодан Азия және әлем чемпионы Дәурен Есімхановпен сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде Сәпиев дене жарақатын алған. Жәбірленушінің жарақатының қаншалықты ауырлығын енді сот-медициналық сараптамасы анықьтайды.

Оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз. Құзырлы органдар барлық мән-жайды тексеріп жатыр.

Жарылқап Қалыбай саясаттанушы Дос Көшімді ауыр айыптады
Кинотеатрлар монополиясы қазақ киносын тұншықтыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу