«Кем дегенде 15 адамды өлтірген»: Дәрігер науқастардың өмірін дәрі арқылы қиған
Германияда паллиативтік көмек дәрігері кем дегенде 15 адамды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Deutche Welle басылымына сілтеме жасап.
Деректерге сүйенсек, айықпас дертке шалдыққан адамдарды күту мекемесіндегі қызметкер науқастың келісімінсіз оларға өмірін қиятын дәрі салған. Тағы 75 эпизод бойынша тергеу жүргізілуде.
Басылым мұны Германияда елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі кісі өлтірудің ең үлкен оқиғасы екенін жазды. Қазірдің өзінде қамауға алынған паллиативті дәрігерге Берлинде кем дегенде 15 адамды өлтірді деген айып тағылуда.
Берлин прокуратурасы 40 жастағы дәрігерге қосымша 75 эпизод бойынша тергеуді жүріп жатқанын алға тартты.
"Іс материалдарына сәйкес, дәрігер Берлиндегі науқастарды күту қызметінде жұмыс істеген. Паллиативті дәрігерлер айықпас дертке шалдыққан адамдарды азаптарын жеңілдету үшін көмек көрсетеді. Айыптау 2021 жылдың 22 қыркүйегі мен 2024 жылдың 24 шілдесі аралығында 15 эпизодты қамтиды", - делінген басылымда.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті "медициналық айғақтарсыз және пациенттердің келісімінсіз" 12 әйел мен үш ер адамға өлімге әкелетін әртүрлі дәрі-дәрмектердің қоспасын салған. Оның қолынан көз жұмған ең жас жәбірленуші 25 жастағы әйел, ең үлкені 94 жастағы әйел болған.
Сондай-ақ, прокурорлар айыпталушы дәрігерге өмір бойы медициналық қызметке тыйым салу туралы талап қояды. Полицияның мәліметінше, айыпталушы кездейсоқ адамдарды емес, өз науқастарын ғана өлтірген. Қазіргі уақытта тергеу тағы 75 жағдайда жалғасуда. Тағы бес эксгумация жоспарланған. Барлығы 12 мәйіт анықталды.