Сот төрағасы сотталды
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин 9 жылға және жеке сот орындаушысы Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
“Олар түрмеге отырғызбаймыз деген желеумен 18 миллион теңге алған. Осы әрекеттері үшін алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген айыппен кінәлі деп танылды. Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.