Қозбеков Көшеровтің орнын басты
10-04-2025
Белгілі құқық қорғаушы, "НеМолчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Черногорияда қамауға алынды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы Дина Таңсәрінің өзі желідегі парақшасында жазба жарияланды.
Дина Таңсәрі қамауға алынар алдында видеоүндеу жазып үлгерген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында (ИВС) және таңертеңге дейін сонда болады. Ертең таңертең оның экстрадициясына қатысты сот отырысы өтеді.
"Құқық қорғаушыларды, сондай-ақ жергілікті және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарын бұл жағдайға назар аударуға шақырамыз. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, төмендегі WhatsApp нөмірі арқылы байланысуға болады”, – делінген жазбада.
Жарияланған видеожазбаның астында оқырмандар Дина Таңсәріні қолдап төмендегідей сарында пікір жазып жатыр:
"Бізде неге шындықты айтатындардан сонша қорқады? Маңызды мәселе көтереді. Өте өкінішті";
"Қандай ұйымдарды белгілеуге болады? Мен білмеймін, бірақ егер сіз айтсаңыз - мен белгілеуге және репост жасауға дайынмын";
"Құдай-ау, не үшін? Қорғансыз және мұқтаж адамдарға көмектесетін адамдарды қалай ұстауға және өмір сүруге кедергі жасауға болады? Әділдік қайда?;
"Динаны жайына қалдырыңдар! Қиын жағдайға тап болған әйелдерге, балаларға шын көмектесетін жалғыз адам;
"Мен бұл әйелге қарап, оның батылдығына таңданамын. Өйткені бірде-бір адам мұндай алғыссыз жұмысты көтергісі келмейді! Қуғында болып, күнкөріссіз, балаларын көрмей жүріп, ол бәрібір берілмейді! Ол қанша әйелге көмектесті, Енді сіздердің оған көмектесу кезегіңіз келгенін түсіндім. Өйткені әр істің қайтарымы болуы керек"