Маңғыстау көп бейінді облыстық ауруханасы
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау көп бейінді облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V санды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 37-бабының 2-1-тармақшасы және 38-бабының 1-тармағының 2-тармақшасы және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» N 53-II санды Заңының 17-бабының 3-тармағы және 19-бабының 5-тармағы сақталмай жалпы сомасы 5 380,0 теңгеге мемлкеттік сатып алудың қорытындысына әсер ететін заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды.
Келтірілген бұзушылықтарды орындауға және бұзушылықтарға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарауға «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес нұсқама жіберілді.
ҚР Қаржы Министрлігі «Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі Мемлекеттік аудит Департаменті»