82 жасында үйленген Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны рас па? (видео)

Oinet.kz 27-10-2020 3871

82 жасында отау құрған Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Қазақ эстрадасының жұлдызы өзінен 45 жас кіші журналист аруға үйленген болатын. Өнер иесі желідегі мәліметтерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Нұрғали Нүсіпжановтың тағы да әке атанғаны жайлы қауесеттер түрлі әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Ондағы ақпаратқа сәйкес, журналист Жадыра Сейдеш белгілі әншіге ұл бала сыйлағаны жазылған. "Paparazzi" бағдарламасының тілшілері эстрада жұлдызынан бұл жаңалыққа қатысты пікір алмақ болып, оны сұхбатқа тартты. Алайда, өнер иесі ұлды болғаны туралы толыққанды жауап бермей қойды. Камераны көрген бойда ол қысқа сөйлеп, бұрылып кетіп қалған. 

- Бәрі дұрыс, көкем. Бәрі құтты болсын деп жатыр, - деп екі ойлы жауап берді Нұрғали Нүсіпжанов. 

Атышулы қалаулымдық ару бағдарлама барысында ұзатылды (видео)
Қазақстандық танымал әнші тұрмысқа шықты (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу