Көр қазушыларды таң қалдырған Әбжалап әулие
06-10-2022
Атышулы " Бір болайық" жобасының қатысушысы бағдарлама барысында ұзатылды. Осы жобаның арқасында теңін тапқан хиджабтағы арудың ұзату тойы студия қабырғасында өзге қатысушылардың атсалысуымен өткен, деп хабарлайды Oinet.kz.
Алтынай есімді ару "Бір болайық" жобасына жүрегінің жартысын тауып, онымен шаңырақ көтеру үшін келген. Оранған арудың қалауы орындалып, бойжеткен өзіне үміткер болып келген Әли деген жігітпен көңіл жарастырған. Біраз уақыт бойы таныстық үстінде болған жұп бірін-бірі ұнатып, көпке созбай отбасын құруды ұйғарған. Жас жігіт сүйіктісіне тосын сый болсын деп ойламаған жерден тікелей фэирде үйленуге ұсыныс жасаған. Алтынай ғашығына "иә" деп жауап берді. Өткен аптаның жұмасында қос ғашықтың алғашқы қуанышы тойланды. "Бір болайық" студиясында хиджабтағы арудың ұзату тойы өтті. Мерекелік шараға жоба қатысушылары мен ұжымы қатысты. Оған қоса, Алтынайды белгілі әнші Баян Нұрмышеваның өзі арнайы келіп ұзатқан.
Ұзату кезіндегі видеолар бағдарламаның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.