Сүйінші: Нариман Құрбанов Парижде өткен беделді турнирде алтын медаль жеңіп алды

Oinet.kz 16-09-2025 968

2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов Парижде (Франция) өткен FIG World Challenge Cup 2025 турнирінің алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Қазақстандық атлет ат жаттығуында үздік шықты. Нариман 15,066 ұпай жинап, бірінші орыннан көрінді.

Екінші орын Армения өкілі Гамлет Марукянға (14,800) бұйырды. Үздік үштікті италиялық Габриэль Таргетта (14,733) жапты.

Еске салайық, Нариман Құрбанов – Қазақстанның спорттық гимнастика тарихындағы тұңғыш Олимпиада жүлдегері.

87 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді
«Мен тарих жасағым келеді»: Елдос Сметов екінші рет чемпион болғысы келетінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу