«Мен тарих жасағым келеді»: Елдос Сметов екінші рет чемпион болғысы келетінін айтты

Oinet.kz 08-01-2026 158

Париж Олимпиадасында дзюдо чемпионы атанған Елдос Сметов, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Спортшының ендігі кезекте Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарында топ жаруды мақсат етіп отырғанын айтты.

“Қазіргі мақсатым екі дүркін олимпиада чемпионы болу. Мен үш Олимпиадаға қатысып, барлық медаль түрін жеңіп алдым. Бірақ Қазақстан тарихында екі рет Олимпиадада жеңіске жеткен спортшы болған емес. Мен тарих жасағым келеді”, – деді Елдос Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Париж Олимпадасының ақтық сынында жергілікті балуан Луке Мхеидзені Франция Президенті Макронның алдында тізе бүктірген еді.

Сүйінші: Нариман Құрбанов Парижде өткен беделді турнирде алтын медаль жеңіп алды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу