Қазақстандық танымал әнші тұрмысқа шықты (фото)

Oinet.kz 27-10-2020 2313

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова құрған "Назар" тобының тағы бір аруы тұрмысқа шықты. Бірінші, Ақан Сатаевтың "Томирисінде" басты рөлді сомдаған Салтанат Серкебаева отбасылы болса, енді Аяжан Есімова да қалыңдық атанды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Бұл қуанышты жаңалықпен қалыңдықтың өзі Instagram желісінде хабарлады. Аяжан Есімова сырға салу салты, ұзату мен үйлену тойынан видео және суреттер жариялап, оқырмандарын қуантып қойған. Белгілі болғандай, тараздық ару Ақтау қаласына келін болып түскен. Сүйіктісі екеуі екі жыл бойы кездесіп жүрген. Нәтижесінде осы жылдың сегізінші наурызында жігіті оған үйленуге ұсыныс жасайды. Желі қолданушылары Аяжанның желіде көп жарияламай жүріп, кенеттен тойынан видеолар жүктегеніне қатты таңғалған. Көпшілік арудың басы бос деп ойлап келген. Аяжан Есімова да, топтағы әріптесі Салтанат Серкебаева секілді "Назардан" ресми түрде шықты. Ол енді бар уақытан отбасылық өмірге арнап, келіндік қызметіне кіріспек. 

- Кеше көптеген хаттар келді маған. "Сіз неге тез тұрмысқа шығып кеттіңіз" деп. Түсінгенім бойынша ешкімге ескертпей, жау шаптырмай, интрига жасамай шығып кеткенімді айтқан болар дедім. Мен 1 күннің ішінде шығып кеткен жоқпын. Бұл нарсеге біз 2 жылда келдік. Ал тұрмыс құруға ұсыныс осы жылдың 8-наурызында салынған, яғни туған күнімде.  Мен жеке өмірімді жасырмадым ешқашан, тек әлеуметтік желілерге салмағам. Оның маған және жігітіме керегі болмады. Арасында себеп менің мамандығым болды. Бізде келісімшарт болды. Бұл өте ұзақ әңгіме. Бір отырып асықпай айтып берермін. Таныстық жайлы да. Ол адам кім екені жайлы да. Бәріне қызық сол секілді. Маңғыстау халқы мені жақсы қарсы алды. Мен де бәріне тез үйренісіп келемін. Бұрыннан үйреніп келемін негізі, тілдеріне әсіресе , - деп жазды Есімова. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қайырлы күн

82 жасында үйленген Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны рас па? (видео)
Әнші Бүркіт «Боратқа» қарсы фильм түсіруде (фото, видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу