Төлеби ауданында астық ору науқаны басталды

Oinet.kz 12-07-2022 1231

Screenshot_23.jpg

Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие бола салысымен, оның халықаралық рыноктарға шығарған алғашқы өнімдерінің бірі астық болды. Кейбір жылдары Қазақстан әлемнің 40-тан астам еліне астық экспорттап жүрді.

Қазақстанның атын әлемдік кеңістікте жағымды жағынан көрсетіп келе жатқан өнімдердің бірі осы алтын астық. Бірқатар елдер қазіргі күні Қазақстанды үлкен астық державасы ретінде таниды. Қазақстан Халықаралық астық кеңесіне мүше елдердің бірі. Соның ішінде ірі көлемде астық экспорттайтын елдердің қатарында. 

Қазақстан астық қамбасын толтыруға үлес қосып жүрген өңірлердің бірі - Түркістан облысы. Өңірдегі Төлеби ауданында астық ору науқаны басталды. Ауданда жалпы 15 мың гектар жерге егілген күздік және жаздық бидайдан дихандар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлауда. 

Аудандағы ірі шаруашылықтардың бірі «Қазығұрт» өндірістік кооперативі алғашқылардың бірі болып астық оруды бастап кетті. Алғашқы егін ору науқанын көрмек ниетпен аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Серікбаев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев алқап басына келіп, шаруалардың ісіне береке, жұмысына сәттілік тіледі. Аталған қожалықтағы 1400 гектар егінді алқапқа егілген арпа мен бидайды жинауға 10-ға жуық агротехника тартылса, онда 20 шақты жұмысшы дамылсыз еңбек етуде. Айта кетерлігі, ауданда егін оруға қажетті 57 комбайн, 500-ден астам агротехникалар дайын. 

Қайтарымсыз грант ұтып алып, кәсібін жүргізуде
Қаратөбе ауылының тұрғындарымен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу