Қайтарымсыз грант ұтып алып, кәсібін жүргізуде

Oinet.kz 13-06-2022 359

Screenshot_22.jpg

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасының негізгі міндеті халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде аудан аумағында кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, қайтарымсыз гранттар берілуде. Былтырғы жылы Төлеби ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік саласында білім алып,  жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асырған 70 азамат  қайтарымсыз грант иегері атанды. 

Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен өзінің шағын кәсібін ашқан тұрғынның бірі – Есжанова Гульжазира Туғанбайқызы. Негізгі мамандығы тәрбиеші деген кәсіпкер өзінің бала кезден  қол өнерге деген қызығушылығы,  бейімдігі бар екенін және де анасынан дарыған тігіншілік кәсібін өзіне өмірлік серік еткенін жасырмады. 

- Былтырғы жылдың күз айында сүйікті кәсібімді дамыту үшін  мемлекеттен қайтарымсыз грант алдым. Грант қаржысына тігін машиналарын, қыз жасауына дайындауға қажетті бұйымдар сатып алдым. Қазіргі кезде тапсырыспен қыз жасауын дайындап, шапандарды ұлттық нақыштағы оюлармен өрнектеп тігемін, - деді Гульжазира Туғанбайқызы өз кәсібі жөнінде. 

Екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып, олардың кәсіби шыңдалуына көмегін көрсетіп отырған жеке кәсіпкердің тапсырыспен дайындаған жасауларына деген сұраныс артып келеді. Шағын кәсіпкерлік  аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші екенін ескерсек, өзін ғана емес, басқаларды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлерді қолдау ісі алдағы уақытта да жалғасын табады. 

Ауданның табиғи ерекшелігі туризм кластерін дамытуға қолайлы
Төлеби ауданында астық ору науқаны басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу