Төлеби ауданының әкімі жергілікті журналистермен бас қосты

Oinet.kz 17-09-2022 690

Screenshot_6.jpg

Биыл жер жаннатында орналасқан Төлеби ауданына 90 жыл толып отыр. Осы орайда аудандық Мәдениет үйінде бір топ төлебилік журналист бас қосып, мәслихат құрды. Атап айтқанда, «Әулиеата-Медиа» Медиахолдингінің басшысы Оралхан Дәуіт, «Отырар» Медиахолдингінің басшысы Әйгерім Жұмағұлова, республикалық «Жас Алаш» газетінің меншікті тілшісі, «Рейтинг» газетінің бас редакторы Бақытжан Әбдірашұлы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Серікқали Жексенбай, «Рейтинг» газетінің тілшісі Еркін Досымбай, «Өзге пікір» газетінің бас редакторы Шадияр Молдабек, республикалық «Айқын» газетінің меншікті тілшісі Назгүл Назарбек, «31 арна» телеарнасының меншікті тілшісі Мақсат Жақсыбаев, «Оңтүстік» телеарнасының редакторы Гүлсанат Қалмырзаева,  

«Egemen Qazaqstan» газетінің Шымкент қаласындағы меншікті тілшісі Әнуар Жұмашбаев арнайы қатысты.

Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың қатысуымен өткен жиын еркін форматта өтті. Әкім ауданның қазіргі жүрек қағысы, даму барысы, алдағы бағыт-бағдары жайлы баяндап беріп қаламгер қауымды емен-жарқын пікір алмасуға шақырды. Бұл басқосуға Төле биден түлеп ұшқан журналистермен бірге тек осы аудан ғана емес күллі қазақ жұртының әрбір өңірі ардақтауға әбден лайық, елге ортақ нартұлғалы қаламгерлер-биыл 70 жасқа толған жазушы, журналист Серік Жанәбіл мен асқаралы 60 жасқа толған атақты Бақтияр Тайжан мәртебелі мейман ретінде арнайы шақырылған болатын. Ел құрметіне бөленген екеуіне аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы құттықтау хатын тапсырып, иықтарына шапан жапты.

Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев аталық ақ тілегін арнады. 

– «Мен ғана араластым» десем, адалдық ауылынан алыс кетермін. Шәкен Орынбекұлы, Ілесбек Байжанов, Өсербай Сүйіндіков, Әсілхан Оспанұлы, Райымбек Әбсейітов, Керім Тіленшіұлы секілді бір топ зиялы қауым өкілі сол кездегі қалалық атқару комитетінің төрағасы Қуаныш Төлеметовтің алдына бардық. Әсекең әдемі сөйледі. Сөйтіп, біз Шымкенттегі бір мектепке және көшеге Ж.Аймауытовтың атын беру керектігі жөнінде пікірімізді айтып, арнайы хат та қалдырдық. Кейіннен бұл ойымыз жүзеге асты. Қазір Шымкентте Ж.Аймауытов атындағы №64 орта мектеп бар. Көшеге де аты берілді. Ана бір жылы Жүсекеңнің жалғыз тұяғы Шымкентке келіп, әкесінің атындағы мектепте кездесу өткізді. Осы кездесуге арнайы барып қатыстым. Ұшырасудан соңғы ойларымды қағазға түсірдім. Алайда, асылдан қалған тұяқ Алматыдағы қарттар үйінде ешкімге керек болмай қалып, көз жұмды. Мені бір қинайтыны осы, – дейді Серік Жанәбіл.

Ұласбек Сәдібеков: Кітап оқу – адамның сана-сезімін дамытып, ойлау жүйесін арттырады
Аудан әкімімен болған кездесуде Төлеби ауданының тарихынан сыр шертілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу