Аудан әкімімен болған кездесуде Төлеби ауданының тарихынан сыр шертілді

Oinet.kz 18-09-2022 397

Screenshot_7.jpg

Жақында Төлеби ауданына 90 жыл толып отығанының құрметі орай аудандық Мәдениет үйінде бір топ төлебилік журналист бас қосып, мәслихат құрды. 

Жиында журналистер мен қаламгерлер Төлеби ауданының тарихынан сыр шертті. Төле би жері – ата тарихымыздың куәсі, елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігер мұраларымызға өте бай өлке. Аудан аумағында Сарқырам, Ханарық, Сұлтанрабат, Тасарық, Тайғана, Ленгер, Қарақия, Қаратөбе, Кеңесарық, Керегетас, Қасқасу, Диханкөл, Ұзынарық, Зертас Балдыберген, Әңгірата, Ынтымақ, Керегетас, Ақбастау, Екпінді және т.б. Өлкеде 100-ден астам археологиялық, архитектуралық және тарихи ескерткіштер орны белгіленген. Тарихи деректерде Сақ дәуірінің қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары, қарауыл төбелер, обалар, сондай-ақ халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар әулиелер мекенжайлары есепке алынған.

Төле би ауданыны қарасты тағы бір тарихи-мәдениет ошағы Леңгір қаласы кешегі тоғыз жолдың торабын түйістірген Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи жер. Сол кезде қаланың географиялық орналасу жағдайы ежелден-ақ әлеуметтік-сауда қарым қатынасын дамытуға аса қолайлы орын болған. Ортағасырдағы ірі саяси әкімшілік, сауда орталығы Исфиджаб қаласымен іргелес орналасуы, Ұлы Жібек Жолы бойындағы қоныс-бекініс орны болғанын дәлелдейді. Қаланың оңтүстігіндегі Бадам өзені жағасындағы алып Қарауылтөбемен, көне Сұлтан рабат елді мекенімен іргелес болуы оның тек сауда орталығы ғана емес, әскери стратегиялық маңызы бар қала болды. Осы тұрғыда VІ-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалаларында сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналған Исфиджаб қала туралы айтпаса болмас. Түркістанға қарасты Исфиджаб (Сайрам) қаласы цитадель (орталығы), медина (шахристан) және рабадтан (қаланың тұрғындарының орналасқан жері) тұрды. Мединаның: Нуджакент, Фархана, Савакрасы және Бұқара төрт қақпасы және базар орны болғанын 1923 жылдары П.П. Иванов, 1925 жылдары М.Е. Массон, 1947 жылдары Н. Бернштамтың археологиялық қазбада жүргізген деректерінде дәлелденген.

Қаламгерлер Төлеби ауданының көптеген тарихи жерлеріне тоқталып өтті. Жиын соңы Серік Жанәбіл мен Бақтияр Тайжанның оқырмандармен, жастармен жүздесіп, сыр бөлісуге, шеберлік сағатын өткізуге ұласты.

Төлеби ауданының әкімі жергілікті журналистермен бас қосты
Астана - жесірлердің қаласы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу