Мектеп оқушысы жаңа босанған сәбиін дәретхана суына лақтыра салған
Үндістанда өзінің немере ағасынан бірнеше рет зорлық-зомбылық көрген оқушы қыз жүкті болып қалған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Times of India басылымына сілтеме жасап.
Кейіннен бала туып, оны дәретхана су төгетін ыдысқа тастай салған.
Отбасына қонаққа келген жас жігіт 15 жастағы туысына ата-анасы үйде жоқ кезде зорлық көрсеткен. Сөйтіп сегіз ай бойы зорлаған.
Жүкті болып қалған қыз отбасылық мереке кезінде дәретханаға барғанда босанып қойған. Шақалақ дәретхана су төгетін ыдысынан табылды. Оны дәрігерлер құтқара алмаған.
Полиция тергеу жұмыстарын бастап, жаңа туған нәрестенің анасы мектеп оқушысы екенін анықтаған. Кейіннен қыздың ата-анасына хабарласқан. Қыздарының жүкті екенінен хабарсыз болған ата-анасы полицияға зорлау туралы арыз түсірді.