«Сүйген жүрек ешқашан қол сілтемейді»: Қарақат Әбілдина махаббат жайлы ойын ортаға салды
Танымал әнші Қарақат Әбілдина ажырасу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі отбасындағы қиындыққа шыдамай, ажырасып кетіп жатқан жастарды сөз етті.
“Бірге өмір сүріп, қол ұстасып талай сынақтан сүрінбей өткен, махаббатын ескіртпеген жандар бар. Олар қашанда басқаларға үлгі. Бірақ… Жас жұбайлардың қосылу сәтіне талай куә болып жүрміз ғой. Сүйдім, күйдім деп қосылғанымен, арада жыл өтпей жатып айырылысып екі жаққа кетіп жатқандар қаншама?! Статистикаға сүйенсек, Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемде алғашқы үштікке еніп тұр екен. Бұл ұлт үшін үлкен қасірет. Иә, "үйлену оңай, үй болу қиын" деп бекер айтылмаған. Махаббатты сақтау – үлкен еңбек. Мейіріммен, кешіріммен, түсіністікпен, сабырмен ғана жетесің. Нағыз “ескірмейтін махаббат” бірге өскен, бірге күрескен, өмірдің ыстығы мен суығына бірге төзген, ұзақ жылдар бойы бір-бірін қолдап, түсіністік танытқан жандарға тән. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Дегенмен, шын сүйген жүрек ешқашан қол сілтемейді. Қиындықта бірге болуға, отбасын аман алып қалуға тырысады”, – деп жазды әнші.