Президент «Қазақстан Парламенттік елге айналады» деген мәселеге пікір білдірді

Oinet.kz 12-09-2025 43

347419702009993.jpeg  

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиында Президент "Қазақстан Парламентік елге айналады" деген мәселеге қатысты пікір білдірді.  

— Ашығын айтқанда, бұл реформа саяси жүйеміздің институционалды базасын нығайтуды көздейді. Парламенттік республикаға айналу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» қағидаты сақталады. Жалпыұлттық референдум өткізу туралы ұсыныс бұл тұжырымдаманың өміршеңдігін көрсетеді. Еліміздің болашағына қатысты шешімдерді бірлесіп қабылдау қажет. Сол себепті мен саяси жоспарларымыз туралы алдын ала айтамын. Бұған дейінгі реформалар кезінде де, АЭС құрылысына қатысты референдум өткізгенде де осы ұстанымнан айныған жоқпыз, — деді Президент.

 


«Кең баба» мемлекет меншігіне қайтарылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу