Астанада түнгі клубта 19 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды
Елордалық түнгі клубтардың бірінде қайғылы оқиға болды. Мекемеде келушілер арасында жанжал шығып, 19 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан жерде қансырап жатқан адамды екі жігіттің ұстап отырғанын көруге болады. Полиция мәліметінше, мекемеге келушілер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.
"Оқиға кезінде күдікті пышақ жарақатын салған. Салдарынан 19 жастағы жігіт алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", – делінген хабарламада.
Полиция кісі өліміне қатысы бар деген күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.