Ішімдікке тойып алған зейнеткер туған күнінде ұлын өлтірмек болды

Oinet.kz 20-09-2026

Ресейде туған күнде ішімдікке тойып алған 73 жастағы зейнеткер өз ұлын өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің Владимир облысы бойынша тергеу басқармасы мәлімдеді. Тергеу нұсқасына сәйкес, оқиға 2026 жылғы 21 тамызда кешке Владимир қаласында болған.

Screenshot_1.jpg

Қарт әйел 50 жастағы ұлымен бірге бір пәтерде тұрған. Сол күні туыстар үй иесінің туған күнін атап өтіп, дастархан басында ішімдік ішкен.

"Жанжал кезінде әйел 1976 жылы туған ер адамды денесінің әр тұсынан кемінде тоғыз рет ұрған. Кейін болған жағдайды көршісіне хабарлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің көмегінің арқасында аман қалды", - делінген хабарламада.

Жәбірленуші болған оқиғаның есінде жоқ екенін айтқан. Сот-медициналық сараптама оның денсаулығына ауыр зиян келгенін анықтады. Ал күдікті әйел ұлын өзін қорғау үшін ұрғанын мәлімдеген.

Тергеу басқармасының мәліметінше, зейнеткерге қатысты адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған (РФ ҚК 30-бабының 3-бөлігі, 105-бабының 1-бөлігі).

Құқық қорғау органдары жанжалдың неден шыққанын және оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Жарақат алған ер адамның бұрын сотталғаны белгілі болды. Әйелге қатысты түпкілікті шешім барлық сараптама аяқталғаннан кейін қабылданады.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны хабарланған еді. Ауыр қылмыс жасады деген күдік кәмелетке толмаған жасөспірімге түскен.

Масштабная экологическая акция собрала тысячи школьников, студентов и волонтеров в Шымкенте
"Табанды жұмыстың нәтижесі": Тоқаев Жеңіс Қасымбекті мақтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу