Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойынында жеңіске жеткен спортшыларды марапаттауға уәде берді

Oinet.kz 06-09-2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отырғанын мәлімдеді. Ол елге жеңіспен оралған спортшыларды арнайы марапаттайтынын жеткізді. 

Screenshot_4.jpg

Президент мұны Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы жеткізген. 

“Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі. Президент бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді. Оған қоса ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін айтты”, – делінген хабарламада. 

"Сержанттар ұрды": Ақтөбеде әскерде жүрген 18 жастағы сарбаз ауруханаға түсті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу