«Біреуі менің қызым»: Масақта 16 жастағы қызды қорлаған әйелдердің бірінің әкесі

Oinet.kz 04-09-2025 483

Алматы облысы Масақ ауылында 29 жастағы және 30 жастағы екі келіншектің 16 жастағы қызды үйінен ұрлап әкетіп, қорлық көрсетіп әр әрекетін бейнежазбаға түсіріп отырғаны белгілі болды. Orda.kz тілшісі Масақ ауылына барып, екі күдікті туралы ақпарат жинап қайтқан екен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_5.jpg

Басылымның жазуынша ауылды аралап екі күдіктінің үйін таппай жүрген тілшілер 60 жасқа таяған ер адамды кезіктірген. Ол ер адамнан оқиға жайлы сұрай бастағанда, ол басын төмен салып: «біреуі менің қызым» депті.

«Қызымның мұндай қылығы жоқ еді. Ол тек видеосын түсіріп берген. Оның екі баласы бар. Қайырымдылықпен айналысатын. Күйеуімен ажырасып кеткен. Ол алимент төлемей жүрген болатын. Қарыз еді. Осы оқиғаны ести сала әкесі бізден балаларды алып кетті. Енді балалардың тағдыры не болады білмеймін», — деді әкесі.

Масақ ауылы тұрғындарының айтуларынша, жасөспірімді аяусыз қорлаған басты күдікті сыйлы отбасының қызы.

«Жақсы қыз болған, әкесі менімен оқыған. Жақсы отбасы, қыздың бейсауат жүрісін көрмегем», — дейді тағы бір тұрғын. 

«Естігенде қан қысымым көтеріліп кетті» деген Камалдың пікіріне басқалары да қосылды.

«Сымбат деген қыз, өте жақсы танимын. Өте жақсы қыз, отбасын да жақсы танимын. Әкімдікте істейтін. Анау-мынау жүрісі болмаған. Әке-шешесі де жақсы адамдар», — дейді Камал есімді тұрғын. 

Жігітін даулаған басты күдіктінің әкесі сұхбат беруге әл-дәрмені жоғын айтты. Анасы төсек тартып қалған. 

Екі отбасы да ел бетіне қараудан қалып, бұғып тірлік жасап жүр. 

Басты күдікті — әкімдік қызметкері. Жасөспірімді қорлаған басты күдікті Масақ ауылдық әкімдігінде 6 жыл қызмет еткен. 

«Мен бұл жұмысқа келгелі екі жыл. Ол кісі ортасына сыйлы, өте жауапкершілігі мол маман болған. Жұмыстан кешігу деген тіпті болмапты. Естігенде жағамызды ұстадық, содан бері өз-өзімізге келе алар емеспіз. Ауыл тұрғындары да, біз де оны сондай инабатты, кішіпейіл деп санайтынбыз», — дейді Масақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Айдос Молдабаев. 

Қылмыс жасаған уақытта күдікті сырқаттанып ем алатынын айтып, жұмыстан сұранып кеткен. 

«19 тамызда ішкі істер қызметкерлері жұмыс үстінде ұстап әкеткен. Күдікті маған кіріп: «Ішкі істер бөліміне барып келейінші, бір проблема болып қалды» деп сұранды. Бірақ ойымда түк жоқ, босаттым. Сол кезде полиция алып кеткелі кеп тұр екен. 4 тамызда денсаулығына байланысты демалысқа кетті, 19 тамызда жұмысқа шыққан, сол күні ұстап әкетті», — дейді әкімнің орынбасары. 

Еске сала кетейік, Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды ұрлап қорлық көрсеткен. 

Түркістан облысында тауға шыққан туристердің бірі мерт болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу