Түркістан облысында тауға шыққан туристердің бірі мерт болды

Oinet.kz 04-09-2025 57

Түркістан облысында 31 тамыз күні жоғалып кеткен туристердің бірі қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

27 және 28 жастағы жігіттер Шымкенттен «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркіне қарай кетіп, қайта оралмады. Іздестіру жұмыстары жүргізіліп, құтқарушылар жоғалған туристің біріне хабарласты. Ал оның серігі — 1996 жылы туған Өзбекстан азаматы — шатқалға түсіп, қаза тапты. 

ТЖМ мәліметінше, құтқару жұмыстарына Қазақстан альпинизм федерациясының бес маманы да қосылған. Альпинистер тірі қалған турист пен қайтыс болған адамның денесін жерге түсірді. Марқұмның денесі полицияға тапсырылды

Үш адамды өлтірген қылмыскер Алматыда емін-еркін жүр (ВИДЕО)
«Біреуі менің қызым»: Масақта 16 жастағы қызды қорлаған әйелдердің бірінің әкесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу