Астана - жесірлердің қаласы

Oinet.kz 04-11-2022 2678

Астана "жесірлердің" қаласы деп, айтып жүрем ылғи. Себебі өзім құрылыс жағында жасағандықтан, кейде ішкі ремонттардан, мебельдан тапсырыстар түседі. 70% жалғыз басты әйелдерден түседі тапсырыс... содан әңгіме кетеді... ипотекадағы үй мен бала...

Screenshot_16.jpg

Бір уақыттары жиһаз жасайтын фирмада жасадым. Сол кезде де көп көрдім...

Үйлердің салынып басталғанда жазылып тұратын "Бұл - бақыт мекені" дегеніде жалған секілді...

Әрине тәптіштеп біреудің жеке өмірін өліп-өшіп сұрап тұрмайсың. Әр түрлі мінездеріне сай әңгіме өрбиді. Кейде тіпті үйінде еркегі жоқ болғанға ұялатын әйелдер кездеседі. Саған жалтақтап тұрады. "Сіздің еш кінәңіз жоқ. Бұл жәй ғана - өмір." деп, айтқым келеді. Кейде айтамында... бұл қаланың алып толқынында арпалысқа түскен, қазақы тәрбиеде өскен әйелдерден көптеп байқалады...

Сосын ол кісілердің көзінен үрейді көп көрем. Мен кәсіби жұмысымды атқаруға емес, алдына алаяқтықпен айналысуға келген секілдімін. Әрине, бұл көп теперіш пен алдау көрген адамға сай әрекет деп қабылдаймын!

Астана салына бастағанда ауылдан ағыла бастаған қыздардың көбі қала өміріне дайын болмады. Оған тілдік пен менталитеттік барьерды қосыңыз... Оларды сол ауылдың сөзі мен қыспағы, жоқшылығымен депрессиясы әкелді осында. Оған қоса алып құрылыс бастаған жерге құрылысшының алдында жезөкше әкелу керегін шал ұқпады. Оған керегі атақ еді. Ол мынанша тағдырды күйреткенінеде пысқырып қарамайды... Құрылыстағы көп жігіт сол жылдары көңілдес қылып көп қыздың көз жасына қалды. Үйленгендерін ауылына қайтқанша жасырып... Ал сонда туылған балалардың тағдыры бір үлкен шығарма ғой негізі... ол енды басқа әңгіме... Сол толқын біраз жылға жалғасты. Ақыр соңы жезөкшелерді поездбен тасып, поездан түсірген жерлерін притонға айналдырып алып, онымен кейін өздері күресті... бұл Астананың запыранын төксең өте ұзаққа кетесің...

Жарайды әңгімеге оралайық. Қанша еркін ойлап, өз таңдауы ғой деп жібіткенімен жүрегің елжірейді. Бұның эффектісі енді біліне бастайтын шығар?!

Қай жағын айтып үлгереріңді де білмей кетеді екенсің...

Бір күні бір үйге бардым. Содан әлгі әйелдің баласы кішкентай екен. Ауырып жатыр, жылаған даусы барлық бөлмеге жаңғыра естіледі. Ол мені күтіп отыр. Мен газельдың кесірінен кешігем. Мағанда ашулы. Мазасы кетіп, баласы жылап қоймады... Жедел жәрдем шақырды. Бір кезде больницаға кетуі керек болды, мен жұмысымды бітіруім керек ал қарбалас кетті... қырсыққанда сол күні жұмыстасымда шықпаған...

Мен бәрі бір жалғыз аз уақытта бітірмеймін. Ертең басқа тапсырыс бар екенін, үлгере алмайтынымды айттым. Содан сырттан жаптыда кетті...

Шарасыздық... білмеймін сол кезде өзіммен өзім жылағым келіп жүрді...

Мысалы сол кезде сол әйелдің бір сәтте қанша ой мен сезімді басынан өткізгенін айту қиын шығар?!...

Бір шкафпен алысып, тердің иісі мүңкіген бойы, жұмысымды болып, кранның суына тойып алып мен отырмын. Біреудің тоңазытқышына түсугеде ұяласың...

Кешкісін келіп ашты есікті. Бірақ, өзі емес. Бір жігіт. Адамға қатынасы суық. Тексеріп қарағандай болды, тұтқасыз есіктерін икемсіздеу әрлі-берлі ашқандай болды... есіктерінің тұтқасын ауыстыруды өтінген болатын бағанағы әйел кісі, соны ертең дайын болғанда қойып кететін болып келіскеміз...

Содан төлем жасауы керек. Бір кезде звондады, екеуі сөйлесіп жатыр. Жатын бөлмеге кірді де, шықты. Ақшаны санады да ұстатты... екеуіміз бірге шықтық...

...Ертең кеште қоңырау шалдым. Жолай тұтқасын қойып кетсем, аз уақыт алады деп... содан баласымен инфекционкада екен... әгі жігіттің нөмірін жіберді. Звондастықта ол келетін болды. Кезіккен кезде, асығыс қимылдар жасап, бір мазасыз әрекеттер жасап тұрды. Сонымен ол жігіт үндеместен, қазір, кіре бер дегендей ишарат білдірді де кілтті ұстатты да кетті. Мен дүкенге кеткен болар деп, күтіп отырмын. Қолымда бір чемодан құрал-сайман. Біреудің үйіне кірудің өзі қорқынышты ғой. Кешігіп жатыр... звондасам көтермейді... Мен аң-таң...

Әйел кісіге хабарласуға тура келді. Ана кісіні ала-алмай жатқанымды, хабарласып айтып жіберсе деген тілек қой. Ол кісінікін көтерер деп...

Содан онікін де көтермепті. Мен кіріп, бір жарты сағат жұмысымды аяқтап қайтатынымды айттым. Бітісімен хабарластым. Кілттің әлегі жайына қалды. Жатын бөлмеден ақшаны қарауды өтінді. Мен ештеңеге кіріспейтінімді айттым. Қиылып тұрып өтінді. Келіспеске амал қалмады. Кірдім, айтқанын қарадым. Ештеңе таппадым. Телефонның артындағы әйелдің жылаған дауысы кәдімгідей жүрегімді елжіретіп жіберді. Ол жай ғана жігіті болып шықты. Баланың жанында дыбысын тұншықтыра жылаған дауысы әлсін естіледі. Тұтқаны қоя салып, кетуге өзім ұялып кеттім. Сұрастыра жөнелдім... құмар ойыншы болып шықты. Өзімнің 2 жылға жуық құмар ойнына салынып кеткенім, олардың психологиясын, қайда, қалай жүретінін білу қиындық тудырмады. Бірден "Зодиак" деген жерге тарттым. Суретін алдыртып алғам. Екі рет көргенім тағы бар. Жобамен түрінен тануым керек. Кірген бетте күзеттегі жігіттерден сұрасам, осында дейді. Ішімде жеткенше бір тілек болды. Қолы жүрсе екен деген. Ойыншыны одан басқа ештеңе құтқармайтынын тағы білесің. Кірсем көкем шалқып отыр.(әр баланың ризығы дегенге сеніп кетесің ғой осындай сәтте) Мәз. Мені көріп өңі бұзылып кетті. Екеуіміз тістесе сөйлеуге көштік. Оны мына жерден алып шығу өте қиын. Ойынхананы басымызға көтеріп біз тұрмыз...

Күзеттегі жігіттерге жағдайды түсіндірдім. Алып шықты. Кіре берісінде екеуіміз біразға барыстық. Өзім апарам, сен кіріспе біздің отбасыға дейді. Әйелге звондаймын...ұрыс-керістің көкесі болып жатыр. Ашуланып, қырылып жүріп 1,5млн теңгені алдық. Күзеттегі жігіттердіңде көмегі бар. Қалтасындағы ұтысымен сонда қалды...

Сөйтіп жүріп түн батырып больницаға бардым. Қырсыққанда инфекционкаға кіру қиын екен ғой. Түнде тіпті мүмкін емес...

Қысқасы бір жұмыс күнімді төлейді ертеңінде керек заттарын әкеп тастау керек болды. Ана әйел кісігіде риза болдым сеніміне)) мен жоқ болып кетсем не істейді сонда?! Олда шарасыздықтан шығар бәлкім...

Ертеңінде керектерін алдым да, қалған ақшаны үйіне қалдырып кеттім. Екеуміз ақылдасып жүріп ешкім білмейтін жерге тықтық.)) Пакетті дәрігерлер тексеруі мүмкін деген детектив Шерлоктығым іске қосылып кетті. Бір қаланың екі шетінде сұмдық план жасап екеу отыр.))

Кілтті салып пакетын тастап кеттім. Жеткенде хабарласты. Ұзаааақ рахмет айтты. Ортасында жылады...

Кейінде бір хабарласты... мен хабарласпауын өтіндім. Ол бөлек әңгіме...

Шарасыздық адамды ессіз әрекеттерге итермелейді ғой негізі... соңы солай болатынын біле тұра сол жігітіне хабарласты ғой мысалы... мүмкін білмеді...

Әйтеуір соңы жақсы біткеніне ризамын сол кезден. Өзіңнің өмірде біреуге пайдаң тигенін сезінуде жақсы сезім ғой негізі... әгі құмар ойындағы тәжірбием бір керегіме жарағанына өзімде ақтап қоям іштей))...

Бұл арты жақсы аяқталған бір оқиға ғана ғой. Небір оқиға мен тағдыр көресің... мына қаланың дүрмегінде әр үйге кіріп жеке қатынасқанда қаланы басқа қырынан танисың...

Астана жалғыз басты аналарға ескерткіш қоюға міндетті... өз тарихы ғой...

Негізі қазақтағы "жесір" сөзі әйел адамға қатысты айтылғанымен, еркек кіндікті қорлайтын сөз екенін менсіз де білетін шығарсыздар?!

Серік Хасенов

Facebook парақшасынан

Аудан әкімімен болған кездесуде Төлеби ауданының тарихынан сыр шертілді
Қожалар қазаққа жата ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу