Қазақ-қырғыз шекарасында атыс болды ма?

Oinet.kz 10-09-2025 170

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болған Қазақстан және Тәжікстан азаматтары қамауға алынды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_12.jpg

Әлеуметтік желіде «Жамбыл облысында шекарашылар бірнеше мемлекеттік шекара бұзушыға оқ атты» деген ақпарат тарады. Алайда ҰҚК Шекара қызметі оқиғаға қатысты мұндай мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

10 қыркүйек түнгі сағат 03:30 шамасында Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Кеңес ауылы маңында «Меркі» шекара қызметінің әскери қызметкерлері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған үш азаматты ұстады.

Ұсталғандар екеуі Қазақстан азаматы, біреуі Тәжікстан азаматы. Қазақстандықтар денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен іздеуде жүрген.

«Әлеуметтік желілерде белгісіз дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Жамбыл облысындағы шекарада оқ атылғаны жөнінде ақпарат тарауда. Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді», - деп мәлімдеді ҰҚК Шекара қызметі.

Үшеуі де шекара бұзған сәтте қолға түсіп, тиісті органдарға тапсырылды.

«Аутист балаларды өлтіру керек»: Министр елді дүрліктірген блогерге жауап берді (ВИДЕО)
7 жасар қызын аюдың апанына лақтырып, ақыры пышақтап өлтірген әйел құрықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу