7 жасар қызын аюдың апанына лақтырып, ақыры пышақтап өлтірген әйел құрықталды

Oinet.kz 10-09-2025 49

Ташкенттің Сергелі ауданында 34 жастағы Зилола Туляғанова өз қызын өлтірді. Әйел ас үйдегі пышақпен 7 жасар қызына жарақат салған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бүлдіршін оқиға орнында жан тапсырды.

Milliy телеарнасының мәліметінше, Туляғанова осы жылдың тамыз айында психоневрологиялық ауруханада ем алып, кейін амбулаторлық бақылауға алынған. Махалла өкілдерінің айтуынша, Қоғамдық топ мүшелері көршілерімен бірге үйіне барып, жағдайын тексергенде әйелдің халі қалыпты көрінгенін айтады. Сонымен қатар, көршілері оқиғаға қатысты ол келіншектен мұндай сұмдық әрекет күтпегендерін жеткізген.

Өзбекстан Бас прокуратурасы ақпаратты растап, күдіктіні қамауға алып, оған қылмыстық кодекстің 97-бабы, яғни «қасақана кісі өлтіру» бойынша іс қозғалды.

Осыдан үш жыл бұрын осы әйелдің жұрттың көзінше қызын хайуанаттар бағындағы аюдың вольеріне лақтырғаны анықталды. Абырой болғанда, жыртқыш бүлдіршінге тимеген. Қыз тек 5 метрлік биіктіктен құлағаннан ғана жарақат алған еді. Аюдың апанына түскен кезде жыртқыш қызды иіскеп ғана қоя берген екен.

Қазақ-қырғыз шекарасында атыс болды ма?
Наразы халық жалаңаш күйі өзенге түсіп, қашқан министрдің артынан қуды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу