Түркістан облысында күйеуі әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған
Оқиға Түркістан облысы Сайрам ауданында болған. Әйелдің денесі үй ауласынан табылған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ол ішкі киіммен ғана жатқан. Анасының денесін таңертең 13 жастағы қызы көрген.
45 жастағы әйелдің денесін жууға кіргендер мүлде танымай қалдық дейді. Себебі шашы жұлынған, басы қоқыс, шөппен бірге қатып қалған. Сүйреген кезде барлық жағын сырып кеткен.
Туыстарының мәліметінше, үйдің тұңғышы анасының мәйітін көрген соң көмекке әкесін шақырған. Алайда оны таба алмаған. Хабарласса, телефонының дауысы дәретханадан шыққан. Әкесі сол жерде асылып қалған. Соңғы сөзін диктофонға жазып қалдырған. Онда: "Өз әйеліме қол жұмсадым. Себебі зина көбейіп кетті" делінген.
Марқұм әйелдің ағасының сөзінше, жағдайға қызғаныш себеп болған. Дегенмен күйеу баласының сөзін қауесет дейді.
Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатыр.
Олардың артында 1 қызы мен 3 ұлы қалды. Тұңғышы 13, кенжесі 3 жаста. Біреуінің мүмкіндігі шектеулі. Қазір олар балалар үйінде.