«Төсекте ақ шаш жатыр»: Қазақстандық әйелдер күйеуінің опасыздығын қалай біліп қойғаны жайлы айтты
Желіде қазақстандық әйелдер күйеулерінің опасыздығы қалай әшкере болғаны жайлы оқиғаларын бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрынғы күйеуін опасыздық үстінде қалай ұстап алғанын айтып берген әйелдің бірі – Зухра Ринатқызы есімді қолданушы. Ол жазбасында бұған дейін мұндай оқиғаларын желіде мүлде бөліспегенін жазды.
2025 жылғы 1 сәуір. Ол күйеуінің көзіне шөп салып жүргені жайлы рамазан айының аяқталғаннан кейін бірнеше күннен кейін білген. Зухра бұрынғы күйеуімен 10 жыл некелескен, шынайы махаббатпен үйленген, төрт баласы бар.
Оқиғадан бір күн бұрын ұлы алаңда ойнап жүріп құлап, жарақат алған. Дәрігер тексеріп, дәрі-дәрмек жазып берген.
“Сол күні кешкі сағат 17:00 шамасында күйеуім қуанып, “шаруамен” деп үйден шығып кетті. Екеуіміз ұрысып қалғанбыз. Қазір бәрін салыстырып қарасам, мен оған қайта-қайта қоңырау шалмас үшін ұрыс шығарған екен”, – деді ол.
Кешке сағат 19:00-да күйеуі “Дәріханадан не алу керек екенін тізіп жібер” деп жазған. Екі сағаттан кейін ол үйге Куликовскийден алынған торт пен “Садыхан” дәріханасынан алынған дәрілер салынған пакетпен келген. Кейінірек Зухра пакеттің ішіндегі чекті алып қарағанда, дәрілердің атауынан бөлек тампон, нурофен, гигиеналық төсемдерді көреді.
“Сол сәтте үстімнен мұздай су құйып жібергендей болды. Бірақ өзімді қолға алдым. Одан кейін торт салынған пакетке үңілдім – мына ақымақ (күйеуі) таңқурай қосылған тәттілер, айс-латте және тағы басқа дүниелердің чегін тастауға ерініпті”, – деп жазды ол.
Қолданушы сол сәтте не сезінгенін жауына да тілемейтінін жеткізді. Бірақ ол айғай-шу шығармай, түнгі сағат 22:00-да “дәрі алу керек” деген сылтаумен екі чекті алып, үйден шығып кеткен. Осылайша ол өксігі тамағына тығылып, чекте көрсетілген нөмір бойынша дәріханаға қоңырау шалған. Колл-орталық қызметкерлеріне дәрілер үшін артық төлем алынғанын айтқан.
“Олар чекті жіберуімді сұрады, нөмірімді алып, Пятилеткадағы дәріханада қызмет көрсеткен фармацевт хабарласады деді. Көз жасым сәл болып ақты. Шамамен 15 минуттан кейін маған Вика есімді фармацепт хабарласты. Мен әдейі оны қажетсіз тауарларды чекке қосып жіберді деп айыптадым. Вика өз кезегінде дәрілер мен жеке гигиена заттарын қателесіп соқпағанын айтты, себебі бар болғаны 3-3,5 сағат қана өткен, ол чек бойынша ер адамды есінде сақтап қалыпты. Және оның қасында бір қыз болғанын айтты”, – деді ол.
Зухра жылап тұрып “ол жалғыз болған” деп дәлелдеуді жалғастырған. Солай қызметкер кассадағы камера жазбаларын жіберуді ұсынған, видео арқылы қолданушы күйеуінің сүйіктісімен бірге дәріханада 10 минуттай тұрып, оған тампон таңдап жүргені анық көрінген.
“Видеодан бұл бірінші кездесу емес екені бірден байқалды, еркін киімде тампон таңдап жүрген”, – деп жазды ол.
Осы сәтте қолданушыға бұрынғы күйеуі хабарласа бастаған.
“Көз жасым сорғалап тұрып, оған сол видеоларды жібердім. Одан кейін классикалық жанр бойынша сценарий басталды: “Сен ақымақсың, бұл сен ойлағандай емес, жоғал” және тағы басқа сөздер айтты”, – деп жазды ол.
Желі қолданушы сол түні үйге қайтпай, қонақүйден нөмір алып, таңғы сағат 06:00-ға дейін жылаған.
“Ол маған “үйге қайт” деп жазды, бірақ өкініш те, кешірім де болмады. Таңда “заттарыңды жина да, кет” деп жаздым. Ол солай істеді. Міне, осындай оқиға. 10 жылға созылған неке бір сәтте күйреді”, – деп түйіндеді ол.
Келесі қолданушы күйеуі опасыздық жасап жүрген сәтте ең керемет әке әрі мінсіз күйеу рөлін сомдағанын жазды. Оның сөзінше, ол күйеуінің көңілдесі бар екенін іштей сезіп жүрген, алайда шындықты қабылдауына ұзақ уақыт қажет болған.
“Ол жалға біркүндік пәтер алып, басқа әйелмен уақыт өткізгенде мен біздің екінші сәбиімізді көтеріп жүрдім. Бірақ ең сорақысы – үйге келгенде өзін дым болмағандай ұстап, мінсіз күйеудің рөлін ойнауды жалғастыратын еді”, – деп жазды ол.
Осындай күндердің бірінде қазақстандықтың күйеуі іссапар баратынын, одан тек ертесіне таңертең келетінін айтып үйден кеткен.
“Қысқасы, детектив күтпеген жерден – Dodo Pizza қосымшасы арқылы басталды. Біз үйде оның қарындасымен бірге жайбарақат отырмыз, мен қызымды ұйықтатып қойғанмын. Сол кезде қайын бикеме курьерден қоңырау келеді. Сөйтсек оның аккаунты күйеуімнің телефонында кіріп тұрған екен. Әуелде мүлде түсінбедік. Қандай тапсырыс? Қандай мекенжай? деп таңданып, “Жүйе істен шығып әлде біреу нөмірді шатастырған шығар” деп болжадық. Бір уақытта бәрін түсіндім”, – деді ол.
Сөйтіп қазақстандық бірден Google Maps-қа кіріп, күйеуінің қайда екенін тексерген. Оның сөзінше, ешқандай іссапар болмаған, күйеуі жай ғана көңілдесімен бірге болу үшін қаланың орталығынан біркүндік пәтер жалдап, өтірік айтқан.
“Қосымшада тіркелген аккаунттың бір екенін ұмытып кеткен күйеуім “Пепперони” пиццаның кесірінен ұсталып қалды. Бір уақытта күлкілі, өкінішті”, – деп жазды ол.
Қолданушы шындықты білген сәтте өз-өзіне сенбегенін жеткізді. Ол күйеуінің опасыздық жасап жүргеніне нақты сенімді болуы үшін әрі көбірек дәлел жинау үшін шу шығармай, тыныштық сақтаған.
Біршама уақыт өткеннен кейін күйеуі оны мейрамханаға кешкі ас ішуге шақырған. Жол бойы күйеуіне белгісіз нөмір қоңырау шалған, ал ол қоңырауды көтермей, “Қайыршы, ақша сұрап жатыр” деп айтқан. Әйел күдіктенсе де үнсіз қалған.
Мейрамханаға жеткеннен кейін тағамдарға тапсырыс беріп, күтіп отырғанда да қоңыраулар тоқтамаған. Кейінірек күйеуі сыртқа шығып кетеді де, екі минуттан кейін қайта келіп “Маған жедел түрде бір жерге барып келу керек” деп кетіп қалады.
“Мен оны күттім. Тамақты әкелді, ал ол жоқ. Қоңырауларым мен хабарламаларыма “Бәрін өзіңмен бірге үйге салып алшы, менде проблема болып тұр” деп жауап қатты. Түнгі сағат 02:00-де қайта хабарласқанымда “Ұйықтай берші, сұмдыққа тап болдым” деді”, – деді ол.
Содан кейін әйел күйеуіне видеоқоңырау арқылы шала бастаған.
“Маған бәрін өз көзіммен көру керек болды. Ол бастапқыда көтермеді, кейін берілді. Егер мен осы жолы да үнсіз ұйықтай бергенімде ешнәрсе өзгермес еді, ал менің шыдамым таусылды”, – деді ол.
Алайда шындық бәрінен сұмдық болып шыққан. Күйеуі мен оның көңілдесе полиция бөлімінде отырған. Әйел білегіндегі тамырын кескен, артынша арыз жазуға барған.
“Полицияға жететіндей не жағдай болғаны әлі күнге дейін қызық”, – деп түйіндеді ол.
Аида есімді қолданушы да күйеуінің опасыздығы жайлы қалай білгенін бөлісті.
Ол көңілдің тыныштығы үшін баласының бөлмесіне бейнебақылау камерасын орнатқан. Әдетте оны жұмысқа кеткенде ғана қосып, қосымша арқылы “Бәрі дұрыс па?” деп қарап отыратын көрінеді.
“Бір күні үйге әдеттегіден ертерек келдім. Күйеуім “Өзің демала бер, бәрін өзім істеймін” деді. Таңғалдым, бірақ кедергі жасамайын деп қойдым. Сосын әдет бойынша телефонымнан камераны ашып, сол күнгі жазбаны қарап көрдім. Сол жерде көргенімнен аяғымның астындағы жер сырғып кеткендей болды”, – деді ол.
Қолданушы мұндайды ешкімге тілемейтінін, өте ауыр екенін жеткізді.
“Біздің пәтерде, ұлымыздың бөлмесіне ол бір әйелді ертіп келген. Әйел баланың төсегінің қасында отырып күліп отыр, ал күйеуім оны құшақтап, сүйіп жатыр. Басымда бәрі араласып кетті: баланың бөлмесі, ойыншықтар, ал оның қолы басқа әйелде… Мұның бәрін біреудің өмірін көріп отырғандай қарадым”, – деп жазды ол.
Аида соңына дейін мүмкін қателік шығар, бөгде біреу шығар деп үмітін үзбегенін айтты. Алайда жазбаны күйеуіне көрсеткен кезде, ол тіпті жоққа шығармай “Мұны көріп қоясың деп ойламадым” деп жауап берген.
Келесі қолданушы – Сәуле.
Сәуле күйеуінің опасыздық жасамайтынына, өзіне адал екеніне 100% сенімді болған. Бір күні оған күйеуі опасыздық жасаған қыздың өзі хабарласып, оның отбасылы ер адам екенін білмегенін айтып, кешірім сұраған.
“Олар кездескен, караокеге барған, кейін оның үйіне барған. Кейін күйеуімнің телефонынан сол қызбен бірге түскен видеоны таптым”, – деп жазды ол.
Сәуленің айтуынша, күйеуі опасыздық жасайтын уақытта олар жанжалдасып жүрген. Күйеуі әйелін екі баламен тастап кеткен, осылайша олар бір апта бөлек тұрған. Дәл осы кезде күйеуі қызбен танысып, өзін бойдақ жігіт ретінде көрсеткен.
“Ең қорқыныштысы – адамның жылдар бойы бірге құрғанның бәрін осыншалықты тез өшіре алуы. Ал ең жаманы – соңында бәріне мені кінәлі қылып шығарды. Кінәм – бір ай бұрын босанғанымда, екі кішкентай баламен шаршау, стресс, депрессияда жүргенімде”, – деп жазды ол.
Келесі қазақстандық күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін дұрыс тамақтануды бастауының арқасында білген.
Ол таңертең жұмысқа жиналып жүріп, тоңазытқышта алдын-ала дайындалған чиа қосылған йогурты жоқ екенін байқаған. Ал күйеуі ант-су ішіп, “Мен ондайды жемеймін, ол шөп сияқты ғой” деп жауап берген.
“Кешке бізден бір қабат төмен тұратын көршімізге шай ішіп кетуге қонаққа бардық. Отырып, әңгімелесіп отырмыз, көрші қуанып “Ой, білесіздер ме, мен енді дұрыс тамақтануға өттім! Чиа қосылған йогурт – нағыз махаббат!” деді. Мен күліп жіберіп, әзіл үшін “Е, бәрі түсінікті екен: йогурттарымды сен жеп бітіресің де, күйеуімді… түнетіп жүрсің бе?” дедім”, – деп жазды ол.
Сол сәтте бөлмеде тыныштық орнап, күйеуі де көрші әйел де жауап бермеген. Ал ол чиа қосылған йогуртты содан бері жек көреді.
Марина есімді қолданушының жолдасы ол жақында ғана босанғандықтарн, шипажайға жіберген. Бір апта өткен соң “қатты жақсы көремін”, “күтіп жүрмін”, “сағындым” деген секілді хабарламалар жазған. Ал Марина өзінің мазасыз адам екенін мойындап, осы сәттен бастап күдіктене бастағанын ашық айтты.
“Үйге қайтып келсем төсекте ақ шаш жатыр. “Қызық екен” деп ойладым. Робот-шаңсорғыштың ішін ашып қарасам, ондай ақ шаштың біразын жинап алыпты! Содан күйеуімнен “Қонақтар келді ме?” деп сұрадым, ол жоқ деп жауап берді”, – деді ол.
Осылайша Марина күйеуінің өтірігін әшкерелеген.
Мариям мен күйеуі алғаш рет психологқа баруды шешкен. Бірінші сеанстан кейін екеуі де серпіліп қалғандай, шабыттанып шыққан.
“Ол “Мен бәрін түсіндім. Осы тәжірибені тереңірек сезіну үшін, санам ашылсын деп LSD жегім келеді. Білесің ғой, қазір көп адам сананы кеңейту үшін есірткі тәжірибелерін жасап жүр” деді. Мен келістім. Ол досының үйінде болатынын айтып, түнгі сағат 00:00-де алып кетуімді сұрады”, – деді ол.
Сөйтіп Мариям түнде күйеуін алып кетуге досының үйіне барған. Пәтердің есігі ашық тұрғанын көрген, есікті итеріп кіре бергенде ұзын дәліз, ал ең соңында қонақ бөлмені көреді. Қонақ бөлмеде үлкен диван тұрған, ал оның үстінде күйеуі, оның досы мен белгісіз қыз жатқан.
“Мен үнсіз үйге қайтып кеттім. Ұйықтай алмадым. Оның iPad-ын ашсам, ішінде хат алмасу тұр. Досы “үшінші болып бір құрбысын шақырады” деп келісіп қойыпты”, – деді ол.
Таңертең күйеуі үйіне оралғанда Мариям “Жыныстық қатынасқа түстіңдер ме?” деп сұраған, ал бұрынғы жұбайы “Саған өтірік айта алмаймын, иә” деп жауап берген.


